Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Қырғыз Республикасында «ақ қалпақ күні» мерекесі басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі BBC-дің «Қырғыз кызматы» редакциясына сілтеме жасап. Аталған күнді мерекелеуді қырғыз жастары ұсынған.
Осыған орай бүгін Алатау бөктерінде арнайы мерекелік шаралар жоспарланған. Мерекелік шарада қырғыз халқының «Жоолук таштамай», «Ак терек, көк терек», «Ордо» тәрізді ою-өрнектерімен көмкерілген ақ қалпақтары ұсынылады. Мыңдаған жастар тау бөктерінде «Кара жорго» биін билеп, флеш-моб өткізбек. Мерекені ұйымдастырушылар «Бүгіннен саясатты ғана көрмей, позитив ізде!» деп ұран тастаған.

Естеріңізге сала кетейік, бауырлас қырғыз елінің «ақ қалпақ» мерекесі осымен үшінші рет тойланып отыр. Қазіргі уақытта бұл мерекені мемлекеттік атаулы күн қатарына қосуға ұсыныс берілген. Бір қызығы, бұл күні барлық қырғыздар жұмыста, көшеде, жалпы қоғамдық орындарда ақ қалпақ киіп жүреді.

 

Дуанабай Жолдасбек

http://www.aikyn.kz/articles/view/44208

Рубрика: