Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Жогорку кенеш депутаттары Қырғызстан аумағында қытай провинциясының пайда болуынан қауіптенеді.Бұл туралы ҚырТАГ хабарлады. 

«ҚХР бүгіндері Қырғызстанға жол, электр қатынас желілерін салуға несиелер мен гранттарды аямай беруде, алайда бұның барлығы болашақ ұрпақ үшін жасалып жатыр деген әңгімелер тарай бастады. Қырғызстанда жыл сайын ҚХР азаматтарының саны айтарлықтай қарқынмен артып келе жатқаны соншалық, қытайлықтар жуық арада Қырғыз Республикасының ішінде өз провинциясын құратын шығар», — деп мәлімдеді депутат Курманбек Дыйканбаев парламент отырысында.

Оның айтуынша, «Дордой», «Кара-Суу», «Мадина» базарларын елге заңсыз еліп, жұмыс істеп жатқан Қытай азаматтары толтырған.«Бірақ біз бұған еш әрекет етпейміз. Күншығыс азаматтары жұмыс орындарын алуда, Қырғызстан азаматтының төлқұжатын алып, қырғыз қыздарға үйленуде. Қыздардың ата-аналары қайда қарап отыр? Неге рұқсат береді? Ал біздің азаматтар нәпақа табу жолында Ресей мен басқа елдерге кетеді. Олардың орнын біртіндеп аралас некеден туған балалар басады. Мені бұл жағдай ойландырады», — деп өз пікірін айтты депутат қытай экспансиясына тосқауыл қою бойынша іс-шаралар қабылдауға шақырып.

 

Дуанабай Жолдасбек

 

http://www.aikyn.kz/articles/view/44631

Рубрика: