Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

АСТАНА. 4 сәуір. Baq.kz — «Қыпшақтар» деректі фильмі қазақ пен венгр қыпшақтары арасындағы байланысты нығайтпақ. Бұл туралы Яс-Надъкун-Сольнок провинциясының губернаторы Шандор Ковач фильмнің Жамбыл облысындағы түсірілімдері барысында хабарлады.

Бұл туралы «Казхстанская правда» газеті «У нас общие корни» материалында жазды.

Жамбыл облысының ондаған тарихи және археологиялық ескерткіштері «Қыпшақтар» деректі фильмінде көрініс табады.

Осыдан 8 ғасыр бұрын қыпшақтар ханы Қотанды Венгрия королі IV Бела қызметке қабылдағаны тарихи деректерден белгілі. Олар корольдің атты әскерінің элитасын қалаған. Венгрияда еліне келген дала халқын ғұндар деп атаған екен. Қыпшақ-ғұндар және олармен еріп келген ясылар (қыпшақтар немесе аландар) XVIII ғасырдың аяғына дейін өз ерекшеліктері (мәдениеті) мен тілдерін сақтаған. Содан кейін ғана ассимиляцияланған. Қазіргі уақытта олар венгр тілінде сөйлейді, алайда өздерінің ата-тегін ұмытпапты. Надъкуншаг, Яс-Надъкун, Кичкуншаг және тағы сол сияқты тарихи атаулар соған дәлел.

«Венгр және қазақ қыпшақтарын көп жағдай біріктіреді. Ең әуелі, әрине тіл. Мәселен, «ата», «ана», «көк», «сары», «кiндiк» деген қазақ сөздері біздікіне жақын, — деді Ковач, өз тіліндегі осыған ұқсас сөздерді айтып. — Жоба біздің халықтардың бір-бірін жақсы танып, олардың тоғысатын жерлерін (ұқсастықтарын) табатынына септігін тигізуін қалаймыз».

Тарихи отанына келген венгриялық топтың назары көп жылдар бұрын болған оқиғалардан сыр шертетін обалар, қоныс-мекендер мен кесенелерге ауды. Energy Event компаниясы тобының бас директоры Арман Боранбайдың сөзіне қарағанда, олардың сапарына Қазақстан-Венгр іскер кеңесі мұрындық болған. Оның қолдауымен Будапешт — Астана автожарысы ұйымдастырылыпты. Оның қатысушылары Қостанай облысына да ат басын тіреген. Бұл өңір венгр қыпшақтарының атамекені деп есептеледі.

Фильмнің екінші бөлімі Венгрияның Надъкуншаг өңірінде түсіріледі. Қыпшақтардың екі елдегі қазіргі ұрпақтары қалай өмір сүріп жатқанын, олардың арасында қандай ұқсастықтары мен байланыстары бар екенін және ортақ құндылықтарды жаңғыртып, сақтау керектігін көрсету маңызды. «Қыпшақтар» деректі лентасы қазақ көрермендері үшін де жаңалық болмақ.

http://baq.kz/kk/news/45432

 

Рубрика: