АЛТЫНОРДА
Новости

ҚХА төрағасының орынбасары Еуропарламент өкілдерімен кездесті

Астана. 29 наурыз. Baq.kz – Кеше Астанадағы «Назарбаев орталығында» Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ҚХА Хатшылығы меңгерушісі Ералы Тоғжанов Еуропарламенттің адам құқықтары жөніндегі Комитетінің өкілдері Элизабет Йеггле (Германия), Даниел ванн дер Ступ (Нидерланды), Хавьер Наттин, Қазақстандағы ЕО делегациясының саясат және ақпарат бойынша секция басшысы Камен Величковпен кездесті.

Кездесуге Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжіліс депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері Егор Капель, Надежда Нестерева, Мурат Ахмадиев, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының жетекшісі Айгүл Сәдуақасова қатысты.

Кездесу барысында Ералы Лұқпанұлы шетелдік қонақтарды ҚХА құрылу тарихын және міндеттері мен этносаралық толеранттылықты нығайту жолында атқарылып жатқан жұмыстармен, ҚХА-нан мәжіліс депутаттарының жұмыстарымен және ҚХА-ң халықаралық ынтымақтастық шеңберінде байланыс деңгейімен таныстырды. Қазақстан Ремпубликасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың этносаралық бейбітшілік пен келісімде қажетті қамтамасыз ету жеткілікті көңіл бөлетіндігі айтылды.

Сонымен қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясы және қазақстандық этносаралық келісім моделін шетелдік делегациямен жоғары бағаланатыны аталды. Делегаттар этносаралық қатынастар саясатын жүргізуде Қазақстан тәжірибесімен тереңірек танысуға ниетті екенін білдірді.

Қазақстан халқы Ассамблеясы жұмысының тетіктері және басқа мемлекеттерде аналогиялық құрылымдар қызмет етуіне қатысты Еуропарламент депутаттарын қызықтыратын сұрақтарға жауап берілді.

ЕО делегациясының саясат және ақпарат бойынша секция басшысының Еуропарламенттің ҚХА-ң қызметтерімен ынтымақтастық құруды қалайтынын білдірді.

Кездесуге қатысушылар өткізілген конструктивті жиынның Қазақстан және ЕуроОдаққа кіретін мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайта түсетінін жеткізді.

http://baq.kz/kk/news/sayasat