АЛТЫНОРДА
Новости

Құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Рим Папасы Францискке құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев Рим Па­пасы Францискті Киелі Тақ Пон­тифигі лауазымына сайлануына байланысты көп ұлтты Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан шын жүректен құттықтады.

«Қазақстан мен Ватикан ара­сындағы өзара түсіністік пен се­німге негізделген қарым-қаты­настар 20 жылдан астам уақыттан бері дамып келеді. Рим Папасы Иоанн Павел II-нің 2001 жылы Қа­зақ­станға жасаған тарихи сапары – соның айқын дәлелі» делінген жеделхатта.

Қазақстан Президенті Рим Папасы Францисктің қызметі екі ел арасындағы ынтымақтастық пен сындарлы үнқатысудың одан әрі дамуына жаңа серпін беретініне сенім білдірді.

Соңында Мемлекет басшысы жарылқаушы миссия барша адамзаттың амандығы үшін атқарылып отырғанын атап өтіп, Рим Папасы Францискке және жалпы католик қауымдастығына бейбітшілік пен ізгілік тіледі.

 

http://www.egemen.kz