Бiздi жаңадан салынған Науалы орта мектебiнiң қазiргi жағдайы қатты алаңдатуда. Себебi жаңа мектептiң құрылысы толық аяқталмаған әрi сапасыз жүргiзiлген. Солай бола тұра Науалы орта мектебiнiң ұжымы жоғарғы билiктiң (облыс әкiмшiлiгiнiң) күштеуiмен құрылысы аяқталмаған мектепке кiруге мәжбүр болды. Жаңа мектептiң шатыры мұғалiмдер және жұмысшылардың күшiмен қардан тазартылғанына қарамастан, шатырдың iшi төбеден аққан судың әсерiнен үлкен мұз айдынына айналды. Шатыр iшiнде ерiген мұз тамшылап, өнер залының, спорт залының, баспалдақтан және бiрнеше кабинеттердiң төбесiнен су ағуда. Ол күннен-күнге ұлғайып барады. Көктем шыға, күн жылынған кезде, бұл тамшылар төбеден нөсер болып жауатыны сөзсiз. Яғни мектептiң төбесi, алдағы екi-үш жылда, судан шайылып ортасына түсуi ғажап емес.
Рубрика: Регионы