Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

434_37223443f7e336b0dd1fe06b36eeb462Астана. 19 шілде. Baq.kz – Режиссер Кенжебек Шайқақов «Күрке» атты драмалық фильм түсіріп жатыр. 

«DS фильм» киностудиясы мен «Amanat» продюсерлік орталығы бірлесіп түсіріп жатқан фильмінің сценарий авторы әрі қоюшы режиссері Кенжебек Шайқақов. Ол кәсіби киноның талабына сай түсіріліп жатқан «Күрке» фильмінің өзге туындылардан ерекшелігі оның қазақы тыныс-тіршілікті, қазақы болмысты, ауыл баласының өмірін шынайы көрсетуінде деді.
Ауылда тауық ұрлап істі болған Сапар есімді жігіт артынан ілескен сөзден құтылу үшін малшы болып жалданып тауға кетеді. Тауда мал бағып жүріп ол қырғыз елінің кішкентай Айшүрүк есімді малшы қызымен танысады. Сөйтіп ол жалғыз әрі жаны жаралы қызбен екі елдің шекарасында күрке тігіп тұрып жатады. Енді бұларды ешкім де қудаламайды, ешкім де мазалай алмайды…
Фильмнің басты рөлдері Қырғызстан Өнер институтының үшінші курс студенті Зинат Қыдырманова мен Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының студенті Алмат Есімге бұйырған.

Фильм көпшілік қауымның назарына келесі жылдың басында ұсынылады.

 

Айнұр Ракишева

 

http://www.baq.kz/kk/news/32527

Рубрика: