Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

613612_1381295198_300_0_0Қазақстан Үкіметі азаматтардың демалысы үшін қолайлы жағдай жасау мен жұмыс уақытын оңтайлы пайдалану мақсатында демалыс күнін 12 қазаннан 14 қазанға ауыстыру туралы қаулы қабылдады.

Қаулыға орай  қажетті өнім шығару, қаржы қызметтерін қоса алғанда, қызметтер көрсету, сондай-ақ құрылыснысандарын іске қосу үшін еңбек, материалдық және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілген ұйымдарға кәсіподақ ұйымдарымен келісім бойынша 14 қазанда жұмыс істеуге құқық беріледі.

Құрбан айт (Араб тілі: Ид аль-Адха) – мұсылмандардың ең қасиетті мерекесі. Ол «ораза айттан» кейін 70 күннен соң басталып, 3 күнге созылады. Бұл күндер Ұлы Меккеге қажылықпен аяқталады. Айт күндері әрбір мұсылман ата-бабаларының басына барып құран оқиды, аруағына құрбандық шалады, мал сояды (жылқыдан басқа).

 

http://ult.kz/article/view?id=2309

Рубрика: