Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Құлаған Су-27 ұшқыштарының сүйегі табылдыАлматы облысында 23 қыркүйек күні құлап түскен Су-27 ұшағы ұшқыштарын іздеу барысында ұшақты басқарған подполковник Ерлан Науанов пен подполковник Денис Горбуновтың сүйек бөлшектері табылды, — деп хабарлайды Тengrinews.kz сайты. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі бүгін, яғни сәрсенбі күні кешкісін хабарлаған.

«Қосымша ақпараттар арнайы комиссия жұмысының қорытындысы шыққаннан кейін жарияланады» — делінген ведомствоның хабарламасында.

Бұған дейін ҚР Қарулы күштерінің Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының бірінші орынбасары Марат Уашпаев Су-27 қарапайым метеорологиялық жағдайда, орташа биіктікте, әскери жарақ жиынтығынсыз ұшырылғанын айтқан еді. Марат Уашпаев «экипаж мүшелерінің тәжірибелі,жоғарғы санаттағы ұшқыштар екенін» де айтып өткен болатын.

 

Іздестіру операциясына төрт тікұшақ, 10 іздеу тобы, автокөліктер, барлығы 60-қа жуық адам жұмылдырылды.

 

Әуе апатының себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Құлаған ұшақ 2009 жылы Беларусьте  күрделі жөндеуден өткен, ол тағы үш жылға дейін пайдалануға жарамды болған.

Толығырақ: http://alashainasy.kz/okiga/kulagan-su-27-ushkyishtaryinyin-suyeg-tabyildyi-54734/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі


Рубрика: