Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

ux1z1O6nS3A4Fi1dI7VE4D0T7zXJpK31 мамыр Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарын еске алу күніне орай «АЛЖИР» мұражайында осындай шара ұйымдастырылмақ.

Жазықсыз жапа шеккендерге орнатылған мемориалға гүл шоқтарын қойған соң келген қонақтар «АЛЖИР» залында «АЛЖИР» мұражайының жәдігерлері» көрмесін тамашалайды. Көрмеге «АЛЖИР» тұтқындарының құнды жәдігерлері қойылған.

Мәселен, Бейімбет Майлиннің зайыбы Гүлжамалдың фотосуреті, олардың қыздары Рәзия мен Гүлжанның, Байғаскина Құсниның суреттері, Афонина Татьянаның фотосуреті мен мұрағаттық анықтамасы, 1977 жылғы 8 желтоқсандағы «Еңбек ардагері» медалі мен сүйектен жасалған моншағы, беларусь жазушысы Тодор Кляшторныйдың әйелі Янина Германовичтың фотосуреті, лагерьде қызы Майяны ораған көрпесі мен тіккен белбеуі, Ғайсина Ғалияның мұрағаттық құжаттары мен жеке заттары көйлегі, бас орамалы мен қол сөмкесі, Медянникова Аннаның мұрағаттық құжаты мен Енданова Аннаның тұрмыстық заттары көрсетілген.

Бұл соны жәдігерлер соңғы екі жылда табылып, жинақталды.

Біз «Алаш», «АЛЖИР», «Азаттықтың азапты жолы» атты мұражай залдары бойынша экскурсиялар жүргізіп, «АЛЖИР-дің» ызғарлы суығы» деректі фильмін көрсетуді жоспарлап отырмыз, дейді мұражай директоры Болат Жүнісбеков.

Ғазиз Есембаев, aynaline.kz

Рубрика: