Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

14598639Шымкент қаласындағы«Оңтүстiк-Батыс мал және өсiмдiк шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» төрт түлiк малдың жаңа тұқымдарын, ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сұрыптары мен будандарын өсiрумен және таратумен айналысады. Сондай-ақ, осы мекемеде аграрлық салаға маманданған кадрлар қайта даярланып, институт ғалымдарының көмегiмен төрт түлiк пен өсiмдiктердiң тұқымдық жаңа материалдары шығарылады.

     Қазiр ғылыми-зерттеу институтында  76 ғалым қызмет атқарады. Соның iшiнде ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының 2 академигi бар. Институт жанынан «Тассай» бiлiм тарату орталығы ашылған. Онда диқандар мен шаруаларға арналған оқыту семинарлары жиi ұйымдастырылып тұрады. Бас директорының орынбасары Н.Әлiбаев:

12381    — Осы күнге дейiн мұнда 95 шеберлiк-сыныбы өткiзiлдi. Соның нәтижесiнде семинарға қатысқан 2290 агроөнеркәсiп кешенi субъектiсiне арнайы сертификаттар тапсырылды. Мекеменiң 7 инновациялық тәжiрибесi және 205 шаруашылық келiсiмшарттар бойынша зерттеу нәтижелері  қолданысқа енгiзiлдi. 90 кiтапша басылып шығарылды. Оларда әдiстемелiк материалдар  мен ғылыми кеңестер бар.  Институт мамандарының жетекшiлiгiмен елiмiздiң оңтүстiгi мен батыс өңiрлерiнде жайылымдық жерлердiң өсiмдiк қорын молайту бағытында бiраз жұмыстар атқарылды. Тұқым, қарқынды бау, тәлiмбақ шаруашылықтарының дамуына да ғалымдар сүбелi үлес қосып келе жатыр,-деді.

     Қазақтың қылшық жүндi құйрықты қойының тұқымы осы ғылыми-зерттеу институтында шығарылған. Ол «Ордабасы» қойы деп аталады. Кейде «қазақтың мериносы» деп те жүрміз. Осы қойлардың  саны қазір облыста 45 мыңнан астам екен.

    Ғылыми-зерттеу институтының мамандары  кезiнде «қазақтың мериносын»  жүнiне бола облыста шаруалар көп өсiргендігін айтады.  Оңтүстiк Қазақстанда ғана емес, бүкіл республикада қазақ мериносының саны соңғы жылдары бiршама азайып қалған. Қойдың бұл түрін қазір санаулы ғана шаруашылық ұстап отыр. Онда да  мемлекеттiк дотацияның арқасында. Қойдың жүнін, терісін өңдейтін кәсіпорындар аз. Жүнге деген сұраныс жоқ. Оны өткізу жолға қойылмаған. Барлық себеп осы.  Дегенмен, келешекте жүнге деген сұраныс қайта өседі деген болжам бар. Жағдай сонда күрт   өзгеруi мүмкiн. Сондықтан «Оңтүстiк-Батыс мал және өсiмдiк шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» Оңтүстiкте қазақ мериносының гендiк қорын жоғалтпай, сақтап отыр.

Қуандық ОРАЗБЕКҰЛЫ,

Қазақстанның Құрметті журналисі

Рубрика: