Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

0_e8642_cde06247_XLТүркістанда соңғы жылдары  игерiлмеген жер телiмдерiн мемлекет меншiгiне қайтару жұмыстары қолға алынды. Бірнеше мың гектар жер қажеттi инфрақұрылым тартылғаннан кейiн кезекте тұрған азаматтарға берiледi. Бұл жұмыс Түркiстанда дұрыс жолға қойылғандықтан   оң тәжiрибе ретінде облыстағы өзге аудан, қалалада қолданысқа енгiзуi қажеттiгi туралы әңгіме жиі айтыла бастады. Бірақ  жердi ресiмдеу құны қымбат. Сондықтан  түркістандықтар бұл салаға тереңiрек зерттеу жүргiзе бастады.

    -Баға белгiлеуде бiрыңғай жmap-kazakhstan-turkestan-kartaүйе қалыптастыру керек,- дейдi Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаев.

     Елбасы және Үкiмет тарапынан  берілген  басты тапсырма – жұмыссыздықпен күрес шаралары қолға алынды. Мемлекет басшысы ұсынған «5 реформа мен 100 нақты қадам» аясындағы тапсырмаларды жүйелi жүзеге асыру көзделуде. Түркістанның  ерекшелiгiне қарай ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндіруге басымдық берілуде. Өңiрдегi жұмыссыздықты азайтудың бiрден-бiр жолы ретiнде шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту бағытында шаруаларға төмен пайызбен несие берiлуде.  Өз кәсiбiн дөңгелетуге жол ашылуда. Бұған Түркістанның мүмкiндiгi жетедi. Өткен жылы  мұнда  СТК-лар мен мал бордақылау алаңдарын, шағын сүт қабылдау бекеттерiн ашу қолға алынды. Бұл бастама қазiрдiң өзiнде нақты нәтижесiн көрсетiп отыр. Биылдан бастап екi жаңа қанатқақты жоба жүзеге аспақ.

    Бiрiншiсi – үй iргесiндегi жерлердi тиiмдi пайдалану үшiн ауыл азаматтарын несиелендiру. Яғни көкөнiс, бау-бақша, жемiс-жидек егуге облыс бюджетi есебiнен қаржы берiлмек. Кейiннен дайын өнiмдердi мемлекет орталықтандырылған СТК-лар арқылы сатып алатын болады. Қазiргi таңда үйiргелiк жерлердiң дерекқоры жасақталуда.

     Екiншiсi – тауарлы балық шаруашылығын жүзеге асыру жобасы. Бұл жерде де шағын су көздерiне шабақтар жiберiп, оны өсiрiп-баптау және сату кәсiбi қолға алынбақ. Осы шараларды iске асыру мақсатында облыстық қазынадан қаржылай қолдау көрсетiледi.

     Ауылдағы жұмыссыздықты азайту бағытында Түркістанда  мал шаруашылығын дамытуға арналған iс-шара жоспары дайындалып, ол жемiстi жүзеге асып келедi.

      -Мiне, осы үш жоба Елбасы тапсырып отырған жұмыссыздықты жоюдың бiрден-бiр жолы болады,- дейдi  қала әкiмi. Тек жергiлiктi билiк оны үйлестiрумен қатар, халыққа дұрыс түсiндiрiп, қаражатты тиiмдi игерсе, екi қолға бiр күрек iздеген талай азамат кәсiп табады.

     Түркiстан қаласының әкiмi Ә.Өсербаевтың есебi құрылыс саласында атқарылған жұмыстарға ерекше көңіл бөліп жүр. Пайдалануға берiлген әлеуметтiк нысандардағы кемшiлiктер ұдайы таразыланып, сын тезіне салынып отырады. Оларды мемлекеттiк қабылдаудан өткiзген жауапты мамандарға аса зор жауапкершілік жүктеліп отырады. Қабылданған нысандардың статистикаға тiркелуi талданады. Түркістан  қаласы соңғы жылдары  кеңейiп, өсуіп келеді.

    -Құрылыс қарқынын дұрыс бағамдап  бас жоспарды тағы бiр пысықтау маңызды. Сондай-ақ, қала аумағында салынатын нысандар бас жоспардың талаптарына сай жүргiзiлуi тиiс,-дейді Әліпбек Өсербаев.

    -Қала әкiмдiгі соңғы кезде  облыстық басқармалармен бiрлесiп жұмыс істеудің сапасын арттырды. Жергiлiктi жердегi жұмыстарды үйлестiруде ауыл әкiмдерiнiң рөлi ерекше. Ауыл әкiмдерiнiң мәртебесi бұрынғы жылдардағымен салыстырғанда едәуір көтерiлді.  Олардың кәсiби бiлiктiлiгiн арттырудың маңыздылығын түркістандықтар түсініп үлгерді. Халықпен етене араласатын бұл билiк тармағы бұқараның басты мәселелерiн шешуге аянбай атсалысуы керектігін Түркістан қаласының мысалында сараптауға болады.. Елдi мекен тазалығынан бастап, үйiргелiк жерлердi тиiмдi пайдалану, шағын шаруалардың дамуына ықпал ету, міне ауыл әкімдерінің атқарып жатқан жұмыстарының бір шоғыры. Мұны,әрине, әуелi ауыл әкiмдерiнiң өзi ұйымдастыра бiлуi қажет. Ол үшiн арнайы ереже бекiтiлiп, функционалдық мiндеттер белгiленген. Ауыл әкiмдерiнiң дербес бюджетi қалыптаса бастағалы бері, ауыл әкiмдерi бұл жұмыстарды  ширата түсті. Әсiресе, табиғи қазба байлықтарын қорғау, жер қойнауын заңсыз игеруге тосқауыл қою жұмыстарын ауыл әкімдері басты назарда ұстап отыр. Табиғаттың биологиялық ресурстарын қорғауда да Түркістандағы  ауылдардың әкімдері қыруар істерді тындыруда.

                                                                              

Рубрика: