Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

nauryzОңтүстік Қазақстан облысының халқы 3 миллионға таяп қалды.

189521 мың зейнеткер тұрады. Олардың ішінде 637-і Ұлы Отан соғысының ардагері, 29599 мыңы тыл еңбеккері.
Аға ұрпақ өкілдерін сауықтыру жағдайы толық шешілген. Жыл сайын 6 мыңдай жекелеген санаттағы азаматтар демалып, емделеді, соның ішінде 2013 жылдың 1 тамызына Ардагерлер үйінде 2400, «Мейір» ардагерлер үйінде 2280 зейнеткерлер мен мүгедектер, Батыр аналар емделді.
          80 жастан асқан 574 жалғызілікті қарттарға зейнетақысына қосымша ретінде 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде материалдық көмек төленуде. Ағымдағы жылдың 7 айында 6133,7 мың теңге төленді.
        5076 мүгедекке 164111,7 мың теңгеге гигиеналық заттар сатып алынып берілді, 1408 мүгедекке 104658,2 мың теңгеге жеке көмекші қызметі және 579 мүгедекке 16685,7 мың теңгеге ымдау тілі маманының қызметі көрсетілді.
        Облыста 2013 жылдың 1 тамызына 94180 мүгедек есепте тұрады. Оның ішінде ҰОС мүгедектері 225, ҰОС мүгедектеріне теңестірілгендер 2836, 1-2 топтағы мүгедектер – 43556, 3-топтағы мүгедектер — 34991, бала кезден мүгедектер саны 12572-і құрайды.

Қарттарды әлеуметтік жағынан қорғау тиісті мемлекеттік органдардың  басты міндеттерінің біріне айналып отыр.

Өткен жылы  республикада  17 мың қайырымдылық iс-шарасы өткiзiліпті. Оларға 800 мың адам немесе зейнеткерлердiң тең жартысына жуығы  тартылыпты.  3 млрд. теңгенiң материалдық көмегі көрсетіліпті.  Ал  Оңтүстiк Қазақстан облысында 619 қайырымдылық шарасы өткiзiлiпті.  Оларға 24416 зейнеткер қатысыпты. 192 млн. теңгеден астам материалдық көмек көрсетiліпті.

Күрделi экономикалық ахуалға байланысты биылғы жылдың жөні бөлек болып тұр. Қыркүйек, қазан айларында облыста қарттарға қамқорлық  айлығы өткізіліп жатыр. Іс-шаралар соншалықты көп, олардың есебі жоқ деуге болады.  Ардагерлер ұйымдарының құрылымдары, әкiмдiктер, халықты әлеуметтiк қорғау, денсаулық сақтау органдары, қоғамдық және қайырымдылық қорлары, кәсiпорындар, мекемелер бiрiншi кезекте аз қамтамасыз етiлген, жалғызбасты және сырқат азаматтарға көмек пен қолдау көрсетіп жатыр. Шектеулi ресурстар мен мүмкiндiктер ауадай қажет жерлерге бағытталуда. Әсiресе, қуаты азайған зейнеткерлерге күтiм жасау, олардың баспанасын және аулаларын жинау, қысқы отынын дайындау мәселесiнде әлеуметтiк және волонтерлiк көмек күшейтілді.

Қарт адамдар үшiн ардагерлер ұйымдары мен билiк органдары тарапынан қамқорлық пен көмек көрсетудiң, олардың сiңiрген еңбектерiн бағалаудың, құрмет көрсетудiң маңызы орасан зор болып тұр.

Жақында Оңтүстiк Қазақстан облыстық ардагерлер кеңесiнің төралқа мәжiлiсiнде қарттарға көмек көрсетуді одан әрі күшейте түсуге шақырған Үндеу қабылданды. 

 

 

Рубрика: