Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

аШымкент қаласындағы Индустриалық аймақта елімізде іске асырылып жатқан Үдемелі индустрияландыру және инвестициялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында 200-ге жуық жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін бірнеше жоба іске қосылды.

Солардың бірі «ЮгРегионПласт» деп аталады. Оның атауы қазақшалағанда «Полипропилен және пластмасс бұйымдарын шығаратын зауыт» болады екен.

Бұл-жауапкершілігі шектеулі серіктестік.  Зауыт Үдемелі индустриялық — инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында салынды. Жобаның құны 144 миллион теңге. Жобалық қуаттылығы жаман емес. Жылына 124 мың 800 шаршы метр пропилен бұйымдарын шығаратын мүмкіндігі бар. Кәсіпорында 50 жаңа жұмыс орны ашылды.

Жобаға  мемлекет тарапынан қолдау көрсетілді. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тартылыпты.

Жобаның пайдалылығы жоғары. Енді зауыт  шет елдерден импортталып келген бұйымдарды отандық өнімдермен алмастырады.

Шымкентте бұрыннан «Ferrum-Vtor» ЖШС-і деген бар еді. Бұл- металлургиялық кәсіпорын. Елбасымыз облысқа келген сапарларының бірінде «орта және шағын бизнес нысандарының ішінде металлургиялық зауыт болуы керек», деген тапсырма берген болатын. Содан соң дүниеге келген зауыт қазір өндірістік қуатын молайтып жатыр.  «Болат құю цехын кеңейту және жаңғырту» жобасы осы мақсатта жасалған. Ол Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.

а.jpgю

Жобаның құны 1 миллиард 244 млн. теңге. Жобалық қуаттылығы  жоғары. Жылына 100 мың тонна тот баспайтын болат өндіру көзделіп отыр. Кәсіпорында 150 жаңа жұмыс орнын ашылды.            Жобаны пайдалануға беру үшін «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тартылды. Енді Шымкентте еуропалық стандарттарға сай келетін және баға жағынан да бәсекеге қабілетті  тот баспайтын болат өндіріліп, ол әлемдік  нарыққа шығарылмақшы.

Шымкент қаласында пайдалануға берілген тағы да бір жаңа жобаны атап өтпеске болмайды. «South Bags» ЖШС-ның «Полипропилен қаптарын шығаратын зауыт» жобасы осыдан санаулы күндер бұрын іске қосылды. Ол да Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып, іске қосылды. Зауыт құрылысы Индустрияландыру картасы шеңберінде жүргізілді.

Шымкент қаласында «Оңтүстік» деп аталатын  индустриялық аймақ бар. Зауыт сол жерде.  Жобаның құны 100 миллион теңге. Жоба бойынша жылына 10 миллион полипропилен қаптары шығарылмақшы. Кәсіпорында 40 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланған. Бұл кәсіпорынды іске қосу үшін де   «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тартылды. «South Bags» ЖШС-да шет елдерден импортталатын қаптардың орнына отандық  өнім ұсынбақшы.

а.jpgю.jpgр

Облыста Индустриаландыру картасы шеңберінде жалпы құны 447,9 млрд. теңгені құрайтын 150 жоба іске асырылмақшы. Оларда 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын ашу көзделген.

Бүгінгі таңда жалпы құны 109,2 млрд. теңгені құрайтын 66 жоба іске қосылды.  5834 жаңа жұмыс орны ашылды.

2013 жылы жалпы сомасы 41 млрд. теңгені құрайтын 42 жобаны пайдалануға беру жоспарланған. Сөйтіп,  3948 жаңа жұмыс орны ашылады деген болжам бар.  Бүгінгі таңда жалпы сомасы 4 миллиард 339 млн.теңгені құрайтын 9 жоба іске қосылды.

Биылғы жылдың қараша мен желтоқсан айлары қарбаласқа толы болайын деп тұр. Жылдың соңына дейін жалпы сомасы 37,4 млрд.теңгені  құрайтын 34 жоба іске қосылады. Облыс әкімінің баспасөз қызметі осындай мәлімет таратты.

Индустриалық аймақта жалпы құны 44,5 млрд. теңгеге жететін 59 жоба іске асырылуда. Оларда 5839 жаңа жұмыс орындары ашылады деп жоспарланған.

Қазір Индустриалық аймақта 32 кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Оларда  3216 қызметкер жұмыс істейді.

-Жақын арада 20-ға жуық кәсіпорын іске қосыламақшы,-деп хабарлады бізге облыс әкімінің баспасөз қызметі. Құрылысы аяқталып келе жатқан жобаларды айтып отырған болса керек.

Қазіргі таңда, кәсіпкерлерге инвестиция салуға қолайлы жағдай жасау мақсатында Индустриялық аймақтар бүкіл облыстың аудан және қалаларында ашылып жатыр.

 

 

 

Оңтүстік Қазақстан облысы

Рубрика: