Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

390c7f87588b7c6318ca8adc9ce5fef2Күләш ОРАЗБЕКОВА, педагогика ғылымдарының докторы: 
– Бұл – кім-кімнің де көкейінде жүрген толғақты сауал. Құдайға шүкір, тәуелсіздік алдық. Дегенмен сонау кеңестік кезеңдегі солақай саясат салдарынан ел танымайтын адамдардың есімдері көшеге, ауыл-селоларға берілген. Тәуелсіздігімізге 20 жыл болса да солардың қайсыбіреулері әлі күнге сол көне атымен қалып отыр. Меніңше, сол көшелердің атауын өзгертетін уақыт жетті. Бірақ біз бұған немқұрайлық танытудамыз. Алматыда Республика сарайының артында Луганский деген көше бар. Ол кім және Қазақстан үшін қандай еңбек сіңірді? Мұны ешкім де білмейді. Реті келгенде айтайын, менің әкем Айтмолда Оразбеков – Ұлы Отан соғысына қатысып, ерлікпен қаза тапқан адам. Ол – әйгілі қолбасшы Ворошиловтың қолынан «Ворошилов атқышы» атағын алған тұңғыш қазақ. Ал анам Мінуар Оразбекова – қазақ қыздарының арасынан шыққан тұңғыш парашютші. Бұған қоса, ол кісі – Алматыда алғаш комсомол ұйымын, Көкпектіде тұңғыш мектеп-интернат, ал Талдықорған облысы Ақсу ауданындағы Мамания мектебінде алғаш рет балалар үйін ашқан адам. Мұны айтып отырғаным, егер Луганский көшесіне менің ата-анамның есімін берсе, онда мен ол көшені гүл жайнатып жіберер едім. Бұған мүмкіндігім бар. Өкініштісі, мұндай ұсынысқа қайсыбіреулердің көреалмаушылығы, қызғаншақтығы кері әсерін тигізуде. Қалай болғанда да КСРО-дан қалған «сарқыт» атауларды жоюды батыл қолға алатын кез келді.

Гүлшат НҰРЫМБЕТОВА, саяси ғылымдар докторы: 
– Рас, біздің елімізде Ресейдің отарлау саясатының көрінісіндей көзге өте оғаш көрінетін көше мен қала атаулары әлі күнге баршылық. Мұндай жағдаяттар көп жағдайда Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында көбірек кездеседі. Мысалы, осыдан бірер жыл бұрын Өскемен қаласында бір көшенің атауын ауыстыруға жергілікті әкімқаралар әрекет жасағанда, осы аймақта тұратын өзге ұлт өкілдерінің өре түрегелгені бар. Әлгілердің кесірінен көше аты ауыстырылмады. Әрине, бұл өкіншті жайт. Бізде дәл осы мәселені шешуге құқығы берілген Ономастикалық комиссия бар емес пе?! Өкінішке қарай, алғаш құрылған жылдары біраз шаруаларды жолға қоюға мұрындық болған бұл комиссия соңғы уақытта тіпті үнсіз қалды. Менің ойымша, осы мәселені шешумен басқа емес, Ономастикалық комиссияның айналысқаны құба-құп. Егер бәрі заң жүзінде жүзеге асырылатын болса, онда «құда да тыныш, құдағи да тыныш» болатыны даусыз.

Ерасыл ӘБІЛҚАСЫМОВ, ғылым докторы: 
– Меніңше, кеңестік кезеңнен қалған стеротипті батыл бұзып, көшелердің, ауыл-селолардың атауын өзгерткен жөн. Өзгерткенде де өңірге еңбек сіңірген азаматтарымыздың, апаларымыздың есімдерін беру керек. Бұған ешкім қарсы болмауы тиіс. Мұндай іс-шараны жүзеге асыруды жергілікті билікке сеніп тапсыру қажет. Осылай батыл әрекет жасағанда көшенің де, ауылдың да орысша атауларын өзгертуге болады. Тіпті мұны проблема жасаудың қажеті шамалы.
http://www.aikyn.kz/articles/view/31565

Рубрика: