Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Режиссер әрі продюсер Кристофер Нолан «Interstellar» деп аталатын ғылыми-фантастикалық жобасына бас кейіпкерді сомдайтын актерді бекітті. Актер Мэттью МакКонахи атақты режиссердің ұсынысына көп ойланбастан келісім беріпті.

«Интерстеллар» фильмінде ғалым Альберт Эйнштейннің және астроном Кип Торнның дәлелденбеген теориялары негізге алынады. Сюжетте аталған ғалымдардың уақыт кеңістігі мен гравитацияға қатысты теорияларын іс жүзінде қолданбақ болған зерттеушілер туралы баяндалады.

Киножобаның сценариін режиссердің інісі Джонатан Нолан жазған. 2006 жылдан бері бұл фильмді Стивен Спилберг түсіреді деп айтылып келген еді, бірақ былтыр ол жобадан бас тартты.

http://www.kinostan.kz

Рубрика: