Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Украинаның шығысындағы Краматорск қаласында ақпанның 10-ы күні артиллериялық шабуылдан, алдын-ала мәлімет бойынша, 15 адам қаза тауып, 60-тан астам адам жараланды деп хабарлады Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Александр Турчинов. Жаралылар арасында бес бала бар.

Донецк облыстық денсаулық сақтау департаменті сейсенбі күні кешке Краматорскіні атқылаудан 12 адам мерт болғанын хабарлаған.

Киев шабуылды ресейшіл сепаристерден көреді. Украина президенті Петр Порошенконың мәлімдеуінше, сепаратистер Краматорскідегі әскери операцияның бас штабына және оған жақын маңдағы тұрғын үйлер кварталына соққы берген.

Александр Турчинов қала ресейлік заманауи дүркіндете оқ ату кешенінен кассеталық бомбалармен атқыланғанын айтады. Украина армиясы бас штабының өкілі Владислав Селезневтің сөзінше, қаланы Горловка елді мекені жақтан атқылаған.

«Украинская правданың» хабарлауынша, президенттің Донбастағы жағдайды реттеу жөніндегі өкілі Ирина Геращенко парламентте сөйлеген сөзінде шабуыл болмас бұрын Краматорск маңында қарсыластың пилотсыз бақылау жүргізу аппараты ұшып жүргені байқалғанын айтқан.

Сепаратистер Краматорскіні атқылауға өздерінің қатысы барын жоққа шығарды. Өзін өзі жариялап алған «Донецк халық республикасының» «қорғаныс министрлігі» шабуылды «украин әскерілерінің арандатуы» деп атады.

http://www.azattyq.org/archive/news/latest/330/330.html?id=26841277

Рубрика: