Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Краматорскіде украиналық күш құрылымдарының жергілікті сепаратистік топтарға қарсы арнайы операциясы жалғасып жатыр. 

Ақпарат құралдары қаза тапқандардың саны туралы әртүрлі мәлімет беріп жатыр. Кейбір ақпараттар бойынша, қақтығыстардан жетіден тоғызға дейін адам қаза тапқан, олардың арасында екеуі — украиналық әскерилер.

Қаланы қазір ішкі істер министрлігі мен қорғаныс министрлігі әскері бақылауға алған. Бірақ, қала көшелерінде кейбір жекелеген қарулы топтардың әрекет етіп жүргені туралы дерек бар.

Қаладағы жағдайдан хабардар етіп отыратын Краматорскінің ресми сайтында бүгін осымен үшінші тәулік бойы қоғамдық көлік тоқтап тұрғаны, қалада ресейлік телеарналардың хабары тоқтатылып, украиналық телеарналар жұмысын қайта бастағаны хабарланды.

http://www.azattyq.org/archive/news/20140504/330/330.html?id=25372260

Рубрика: