Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Астана. 31 желтоқсан. BAQ.KZ – Еліміз тәуелсіздік алған тұстан бастап, шетелде өмір сүріп жатқан қазақ диаспорасы атамекен десе қатты елеңдей бастады. Ол кездегі қандастарымызбойындағы сағыныш та аса күшті еді. Осыны аңғарған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осыдан 20 жыл бұрын, 1992 жылдың 29 қыркүйегінде ұлт тарихының сындарлы тұсында мемлекеттік шекарамен алшақталып, саяси жүйе себебінен бір-бірінен қол үзіп қалған қазақ халқының өткенін екшеп, келешегін анықтауды мақсат еткен тұңғыш Құрылтай Алматыда өткен болатын. Осыдан кейін күллі түркі дүниесінің тал бесігі болған Түркістанда екінші Құрылтайын, Астанада үшінші және төртінші Құрылтайын ұйымдастырған Қазақ еліне бұл күнде шеттегі қазақтың келуі сирей қойған жоқ. Керісінше, атажұртына қоныс аударушылардың саны жыл сайын артып келеді.

Нақты статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 1991 жылдан бастап 2011 жылдың 1 қаңтарына дейінгі кезеңде елімізге алыс және жақын шетелдерден 210 225 отбасы немесе 824 170 этни¬калық қазақ көшіп келген. Атап айтқанда, Өзбекстаннан – 126 790 отбасы (494 565 адам), Қытай Халық Республикасынан – 25 764 отбасы (85 487 адам), Моңғолиядан – 22 124 отбасы (110 856 адам). Ал, кво¬та тоқтатылған 2012 жылдың өзінде 39 мың ағайын шетелдерден қоныс аударып келді. Яғни, бұл көрсеткіш квота қолданыста болған 2010 жылмен салыстырғанда 3 мың адамға көп екенін аңғартады. 2013 жылдың алдыңғы тоғыз айында ҚР азаматтығын алған қандастарымыздың саны 830 365 адамды құраған.
Шеттен келген қазақтардың әлеуметтік мәселесі қалай қаралған? Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру жағынан алып айтатын болсақ, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы Заңының 2-бабы 2-тармағында Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетел¬дiктер мен азаматтығы жоқ адамдар (егер заңда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе), Қазақстанның азаматтарымен бiрдей зейнетақымен қамтамасыз ету құқығына ие деп белгіленген. Осылайша оралмандар Қазақстан азаматтығының болуына не болмауына қарамастан, ел азаматтарымен бiрдей зейнетақымен қамсыздандырылу құқығын пайдаланады. Сонымен қатар Қазақстан азаматтығын алғанға дейін де оралмандарға зейнетақы төлемдерін тағайындау рәсімдерін жеңілдету мақсатында оралман куәлігінің негізінде зейнетақы тағайындау да көзделген. Заңнамаға сәйкес зейнетақының мөлшері тек екі өлшем шартқа негізделеді. Олар еңбек өтіліне және зейнет алды кезеңінде алған орташа айлық табысына байланысты болады. Осыған байланысты оралмандар зейнетақысының мөлшері Қазақстан азаматтары сияқты еңбек өтіліне және зейнетақыны есептеу үшін ұсынылған орташа айлық табысына байланысты болады. Бұдан бөлек, мемлекет зейнетақы жасына жеткенде мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдеріне кепілдік береді. Оның мөлшері барлық зейнеткерлерге бірдей және ең төменгі күнкөріс мөлшеріне (қазіргі кезде көрсетілген мөлшердің 50%-ын құрайды) байланысты болады. Елде тұру ұзақтығы, еңбек өтілінің болуы және ұзақтығы, сондай-ақ өзге де факторлар мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін алу мүмкіндігіне және оның мөлшеріне әсер етпейді.
Бұдан бөлек «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңының 17-бабына сәйкес, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан, жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы төлемдерiне құқығы болмаған кезде, Заңда белгiленген жасқа толғанда азаматтарға жасына байланысты жәрдемақы тағайындалады. Талап етілетін еңбек өтілінің жетпеуі салдарынан зейнетақы төлемдерін тағайындау құқығы болмаған кезде ең төмен күнкөріс деңгейінен 50% мөлшерінде жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдем¬ақы тағайындалады. Бұл Заң талабын орал¬мандар да Қазақстанның азаматтарымен бірдей пайдалана алады.
Әлеуметтік сақтандыру. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңның 8-бабына сәйкес, орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін алу¬шы¬лар¬ды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және еліміздің аумағында табыс әкелетін қызметтi жүзеге асыратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қоса алғанда, қызметкерлер, өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адамдар мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға жатады. Осыған байланысты елімізде тұрақты тұратын оралмандар жалпы негіздерде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып табылады.

 

http://baq.kz/kk/diaspora/887

Рубрика: