Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

imagesҚостанайда автобус жүргізушісінің шектен шығуы жолаушылардың жағасын ұстатты. Жүргізуші автобусқа кірмек болған мас жолаушыны аямай ұрып, кейін көлікпен басып кеткен.Бұл туралы kstnews.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.Автобустың ортаңғы есігінен мас жолаушы көлік салонына кірмек болғанда, жүргізуші есікті ашпаған. Кейін аялдамаға түсіп, оны аямай соққының астына алған, тіпті қылғындыра бастаған.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, мас жолаушының қайтадан автобусқа кіруге бет алуы сол екен, жүргізушінің жүйкесі одан әрі сыр беріп, жәбірленушіні қайтадан ұрып-соғып, тепкілеп тастайды.

Осылайша, аялдамадан жүріп кеткен автобусқа таяқтың астында қалған жолаушы бөтелке лақтырып, қоғамдық көліктегі жолаушылар өміріне қауып төнеді.

Ал жүргізуші дереу автобусты тоқтатқан кезде соңынан бөтелке ұстап жүгірген мас жолаушыны басып кеткен. Бүгінде жәбірленушіге шұғыл ота жасалды. Науқастың жағдайы ауыр.

Ал автобус жүргізушісі болса, мас жолаушыларды салонға отырғызбауға құқы бары екенін айтып, ақталуда.

Мұндай сорақылыққа куә болған жолаушылар жүргізушіні жазасыз қалдырмау керектігін айтуда.

Источник: NUR.KZ

Рубрика: