Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

photoКөз алдыңызға елестетіп көріңізші, көшеде келе жатырсыз, кенет қабырғадан бөлініп шыққан немесе бір жартысы арғы бетте қалған адамды көрдіңіз… Жалған, ондайдың болуы мүмкін емес дерсіз? Мұның бәрі бір қарағанда солай көрінері анық, ал шын мәнінде америкалық суретші Марк Дженкинстің шығармашылық еңбегі болып саналады.

Оның жұмыстары бірінші кезекте жасалу материалымен ерекше. Дженкинс өзінің қол астындағы «нөкерлерін» тұрмыстағы қарапайым скотчтан жасайды. Мұндай мүсіндер кескінсіз әрі кеспірсіз шыққанымен, көрген жанның алғашқы қарауында үлкен таңданыс тудыруға жеткілікті екен.

Дженкинстің ойынша, стрит-арт қоғамда маңызды орны бар сала. Скотчтан жасалған мүсіндер — жаңа заман қаласына көрік үстемелеумен бір қатарда ғасыр тудырып отырған жетімдік пен үйсіз-күйсіздіктің, қоршаған ортаның ластануы мен адамзаттың азап, ауыртпалығы турасында сыр шертпек.

Дженкинс бүгінде стрит-арт саласындағы ең танымал, нағыз бір майталман жандардың біріне айналып отыр. (Мүмкін, ол қазір бір қаланың көшесінде кетіп бара жатып, жаңа ойларын тудырып жатқан болар, мүмкін, бейтаныс жандарды өз мүсіндерімен қорқытып үлгерген болар ендігі…

Суретші 1970 жылы Фэйрфакс (АҚШ, Вирджиния штаты) қаласында дүниеге келген. Бүгінде стрит-арт өкілі есепті әлемге кеңінен танылған. Еңбектері «Time Out New York», «The Washington Post» және «The Endependent» басылымдарына шығып тұрады. Және Еуропа мен АҚШ сынды алпауыт елдердің белді-белді деген мұражайларында еңбектері орын алған. 

Вашингтонда өмір сүріп жатқан суретшінің еңбектері сізге қалай әсер етті? Қандай баға берер едіңіз? Қандай ойдасыз?

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

http://massaget.kz/alemtanu/syrly-alem/14292

 

Рубрика: