Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

58b20fa292fa13ba36f0a7b395533a00Бүгінгі таңда еліміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қа­ражат қорын толықтыруға кеден орган­дары қомақты үлес қосуда. Жақында Кеден­дік бақылау комитеті Контрабандаға қарсы күрес басқармасының қызмет­керлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында халық тұтынатын тауарларын еліміздің аумағына жеткізудің кезекті ірі контрабандалық арнасының жолын кесті.
Комитеттiң Контрабандаға қарсы күрес басқармасы ҚР ІІМ Криминалдық полиция комитетінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлерімен бiрлесіп, жедел-iздестiру шараларын жүзеге асыру барысында Түрiк Республикасынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды контрабандалық жолмен әкелінген тауарларды құрықтады. Сөйтіп, ағымдағы жылғы ақпанда еліміздің үш өңірінде – Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында бір уақытта контрабандалық тауар тиелген 4 жүк автомашинасы ұсталды.
Ұсталған автомашиналардың жүк тиеу отсектерін қарау барысында тауарға ілеспе құ­жаттарында мәлімделмеген тауарлар анықталды.
Жүргізілген есептерге сәйкес олардың жалпы кедендік құны 126 273 759 теңгені құрады, ал еліміздің қаражат қорына, яғни бюджетіне төленуге тиіс кедендік төлемдері мен салықтардың жалпы сомасы 38 767 412 теңгені құрады.
Қазіргі таңда жоғарыда көрсетілген факті­лер бойынша ҚР Қаржы Министрлігі Кедендік бақылау комитетінің қызметкерлері ҚР ҚК 209-бабының 2-бөлігінің «г» тармағы бойынша (экономикалық контрабанда) қылмыстық істер қозғап, тергеу амалдарын жүзеге асыруда.

Қайрат Матреков

 

http://www.turkystan.kz

Рубрика: