Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

АСТАНА. 13 наурыз. Baq.kz — Ел Үкіметі «Қолжетімді баспана — 2020» бағдарламасы аясында салынатын үйдің шаршы метрінің құнын үй құрылысы комбинаттарының есебінен 30 пайызға дейін арзандатуды көздеуде.

Бұл туралы Сенат депутаты Қайсар Омаров былай деді:

 

«Осы кезге дейін айтылып келген әңгімелердің бірі — аталған бағдарлама аясында үй бағасын төмендетудің тәсілі ретінде құрылыс материалдарына аз шығын жұмсаумен байланысты болып келген еді. Бұл өз кезегінде жағдайды жақсарта қоймайтынын айқындады. Осы мақсатта елімізде сапалы құрылыс материалдарын дайындау өндірісін жандандыруымыз керек. Оның үстіне осы жылда үй құрылысына қажетті сапалы әрі арзан өнім шығаратын бірқатар комбинаттар іске кірісе бастамақ. Бұл мемлекеттік бағдарлама аясында үлестірілетін үйлердің сапасын жақсартып, бағасын да төмендетуге сеп болады».

Сонымен қатар, депутат қажетті материалдарды арзандатудың тиімді жобасы — зауыттық өнімдерді пайдалануекенін де атап өтті. Яғни, қажетті заттарды құрылыс алаңында дайындағанға қарағанда, оны зауыттан дайын күйінде алып кеп құрай қою әлдеқайда тиімді әрі арзан болады. Осылайша, үйдің шаршы метрінің бағасын 800-900 доллар шамасында ұстауға болады деп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, осы кезге дейін Астана қаласы құрылыс басқармасының бастығы Владимир Лютов мұндай бағдарлама аясындағы үйдің шаршы метрінің құны 500-550 долар шамасында, тіпті, одан да төмен болуы мүмкін деген болатын.

 

http://baq.kz/news/24686

Рубрика: