Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

2000-жылдары дүрілдетіп, барша қыздың арманына айналған әнші Рахат Тұрлыханов Алматыда көлікті ішімдік ішкен күйінде жүргізіп, полицейлердің қолына түсті. 
Шетелдік қымбат көлігімен жүйткіп келе жатқан эстрада жұлдызының ісін тәртіп сақшылары сотқа өткізген… Көрінбей кеткен әнші былтыр «Атамекен одағы» жастар кәсіпкерлігі департаментінің бастығы болып тағайындалған еді.

Рахат Тұрлыханов осыдан үш жыл бұрын Лондондағы елшілікте де қызмет істеген болатын. Бірақ Ұлыбританияда жол ережесін жиі бұзып, жиналған қарызын төлемегені үшін елге шақырылып, Сыртқы істер министрлігінен қуылған еді.

Дипломат болып жарытпаған Тұрлыханов енді екі жыл бойы көлік жүргізе алмайды. Алматыдағы әкімшілік соты рөлге мас күйінде отырғаны үшін оған осындай жаза қолданыпты. Рахат Тұрлыхановтың өзі сотқа келмеген…

«Даймер автокөлігімен күдік тудырғаны үшін тоқтатқан. Медициналық сараптама жасаған. Рахат Тұрлыхановтың ішімдік ішкені дәлелденді», — деді Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Қуандық Ешімет.

Қуандық Ішметов

31 канал

http://www.aikyn.kz/articles/view/42492

 

Рубрика: