АЛТЫНОРДА
Новости

Көктемгі-егіс жұмыстарын қаржыландыру көлемі ұлғаяды

Астана. 18 наурыз. Baq.kz-«ҚазАгро» ұлттық холдингі 2013 жылғы көктемгі-егіс жұмыстарын қаржыландыру көлемін ұлғайтады. Жалпы6 алдағы егіс науқанына және содан кейінгі өнімді жинауға холдинг 78 млрд. теңгеден астам қаражат жұмсауды жоспарлап отыр, деді «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Басқарма төрағасы Нармұхан Сарыбаев ОКҚ баспасөз брифингінде.

 

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қаржыландыру 60 млрд.теңге сомасындағы тартылған бюджеттік несие есебінен, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының 600 млн.теңге көлеміндегі меншікті қаражатының, Азық-түлік корпорациясының мемлекеттік ресурсқа астықты көктемгі-күзгі сатып алу үшін бөлген 13,75 млрд.теңге көлеміндегі бюджеттік қаражат есебінен жүзеге асырылады. Бұдан басқа Аграрлық несие коропорациясының меншікті қаражаты есебінен Несие серіктестіктері арқылы несиелеуге 4 млрд. теңге қарастырылады.
Қазіргі уақытта «ҚазАгро» холдингіне шаруашылықтардан жалпы 48,7 млрд.теңге сомасына 405 өтінім келіп түсті, оның 303 өтінімі Аграрлық несие корпорациясына, 102 – Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына тиесілі. Қазіргі таңда жалпы сомасы 10,68 млрд. теңгенің 208 өтінімі мақұлданды.
Дәулетқали Асауов

 

 

http://baq.kz/news/24941