Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

АСТАНА. 19 наурыз. Baq.kz – Көктем Қазақстанға сәуірде келеді. Бұл жөнінде бүгін «Қазгидромет» РМК директоры Баян Сазанова мәлімдеді.

 

«Мерекелерден кейін температура біртіндеп төмендей бастайды. Республиканың солтүстігінде температура -5,-10, кей жерлерде -15 градусқа дейін төмендейді. Оңтүстікте күндіз ауа темпаратурасы 10-15, түнде 0-8 градус жылы болады. Наурыздың соңына дейін ауа райы осылай тұрақсыз болып тұрады», — деді ол.
Ауа райын болжау мекемесі басшысының айтуынша сәуір айында күн ысиды.
«Бұл ай желді салқын ауа райымен басталады. Солтүстікте қар, оңтүстік өңірлерде жаңбыр жауады деп болжанған. Ал ай ортасында ауа температурасы көтеріле бастайды. Солтүстік бөлікте +20, +28, оңтүстік өңірлерде +30,+37 градус ыстық болады», — деді ол.
Күннің бұлай күрт ысуы сәуірде су тасқыны қауіпін туындатуы мүмкін. Бірақ сәуірдің үшінші онкүндігінде ауа температурасы төмендеп, республиканың бар аймағында ауа-райы жауын-шашынды болмақ. Оңтүстікте бұршақ жауады деп болжанған.

http://baq.kz/news/25019

Рубрика: