Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

1313910423_kokshetau-kazakhstan-city-views-25Толассыз жауған жаңбырдан Көкшетау көктемгі Атбасарды еске салуда. Көшелер бірден көлкіген көлдерге айнала бастады. Екі аптадан астам уақытқа созылған жаңбырдың салдары ауыр болатын түрі бар. Бүгін алғашқы зардаптары туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлімдеме таратты.
Қала әкімінің берген мәліметтері бойынша қаланың Кенесары, Бейбітшілік, Уәлиханов және Капчевич көшелерінің бойындағы 40-тан астам үй судың астында қалған. Кейбір үйдің ішіне дейін көлкіген су тізе тұсына жетіп қалған.
Қазіргі уақытта коммуналдық қызмет жұмысшылары көлкіген суды жанталаса арнайы техникамен сору үстінде. Жұмысқа төтенше жағдайлар департаментінің арнайы техникалары да жұмылдырылған.
Қала әкімдігі табиғат апаты салдарынан білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет нысандары мен үйлердің қаншалықты шығынға ұшырағанын анықтау үшін арнайы жұмыс тобын құрды. Апаттан үйсіз қалған адамдары уақытша паналату мақсатында 50 орындық баспана да қарастырылғанын хабарлады.
Абзал Алпысбайұлы
Ақмола облысы 

Негізгі бет

Рубрика: