Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

лсаАльтернативті энергетиканың кедейлігіне қарамастан, көп уақыттан бері желгенераторлар мен күнасты панелдері қолданылып келеді. Алайда, аталған энергетика көздерінің кемшін тұстары да жетерлік. 

Мәселен, фотоэлементті жинақтаушы қондырғылар көп орынды алса, жел қозғалтқыштары әр уақытта ызың-шуға негіз болып, әрқашан желдің бір бағыттан соғып тұруына тікелей тәуелділікке ұшыратады.

Шведтің “Belatchew Arkitekter” фирмасы қалалық альтернативті энергия көздеріне басқа қырдан келіп, “Strawscraper” жобасын қолға алып отыр екен. Жоба аясында қаладағы “Söber Torn” көк тіреген үйі пьезоэлектрлік талшықтармен көмкерілген жел фермасына айналмақ.

Зәулім үйдің 25-қабатына ішінде пьезоэлемент шоғырланған иілгіш полимер материалы бекітілмек. Жолақтар жел болған жағдайда электр зарядтарын түзеді. Олар ғимарат ішіндегі конденсаторға жиналып, қалалық электржүйеге барып қосылмақ.

сурет:vk.com 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

 

http://massaget.kz

Рубрика: