Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

АСТАНА. 15 наурыз. BAQ.KZ – Көк шай мен кофені жиі ішкен адамда инфаркт, инсульт және өзге де жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдығу қаупі төмен болады. Мұндай ғылыми жаңалықты жапондық ғалымдар
ашып отыр. жапонияның екі бірдей медициналық орталығы жүргізген зерттеу 13 жылға созылып, оған 45-74 жас аралығындағы 82 мың адам қатысқан.

Зерттеуді жүргізген Токио ұлттық онкологиялық орталығы мен Осакадағы сал және жүрек-қан тамырлары ауруларын зерттеу орталығының мамандары. Осы уақыт аралығында қатысушылардың 3,5 мыңға жуығы ауыр жүрек ауруларына шалдығып, миларына қан құйылыпты.
Алайда, күніне бір пиала көк шай ішкен адамдарда ауыру қаупі өзгелерге қарағанда 22-35 пайызға төмен болған. Ал, аптасына 3-6 пиала көк шай ішетіндерде бұл көрсеткіш 11-20 пайызға төмен.
Жапон ғалымдарының пікірінше, көк шай қан тамырларының қалыпты деңгейде сақталуына ықпал етсе, кофе қан құрамындағы қантты төмендетеді.

 

http://baq.kz/news/24804

Рубрика: