Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

photo (1)Қазақстанның Жамбыл облысында Көк көл деген бір сиқырлы су арнасы бар. Көл еліміздегі ауытқушылығы бар аймақтардың қатарына енгізілген.

Осы аймаққа биылғы жазда Роман Фадеев және Евгений Красновский атты екі ресейлік зерттеуші-ғалым келген болатын.

Ғалымдардың таулы аймақтың құшағында жатқан су арнасына деген қызығушылығы өлкетанушы А. Печерскийдің жазбаларынан кейін оянған екен. Өз заманында ғалым осы жерден ғылымға белгісіз 15 метрлік алып жыланды көргендігін жазып кеткен. Жергілікті тұрғындар арасында Көк көлдің арнасында Айдаһардың аруағы тірлік қылады деген болжам етек алған.

Кей кездерде су ішінде бір алып сиқырлы жануар жүзіп келе жатқандай, көл беті дір қағып шымырлап, арнасынан жұмбақты гуіл дыбысы шығады екен. Дәл осы кезде  жергілікті тұрғындар көлдің суын алуға асығады – олардың сенуінше, осы мезетте судың шипалық қасиеті пайда болады екен.

Роман Фадеевтың айтуынша, көл көп уақыттан бері әлемнің уфологтары мен сталкерлерінің бақылауында тұр. Су тереңдігін өлшеген гидрологтар кей телімдерінде көлдің түбін анықтай алмаған жағдайлар болды. Олар зерттеу барысында көптеген су асты ағыстары өтетін жасырын канал жолдарын, ағыс жолдарымен байланысқан үңгірлерді тауыпты.

Бұл тұжырымды ақиқат деуге болады, себебі, көл мұздықтардан пайда болған, олай болса, мореналық кен жыныстарының қабатында шұңқырлар мен каналдардың қалыптасуы әбден ықтимал. Мұндай су асты каналдардың болуы көлдің тағы бір сиқырын ашады: көлге тыстан ешқандай ағыс келмей, одан ешбір өзен-бұлақ шықпағанына қарамастан, оның суы әрдайым тұнық-мөлдір болып тұрады.

Фадеев түн ішінде шығатын қорылдаған, ысқырған дыбыстарды естіп, естен танып қала жаздағанын айтады. Ресейлік ғалымдар атақты шотландиялық Лох-Несс көлі мен Көк көлдің көп ұқсастықтарына таң қалып отыр. Қалай болғанда да екі су қоймада біздің ойымызға кіріп-шықпайтын бір құбылыстың, ескіден қалған бір құбыжықтың бары анық…

Қазақстанның ең ежелгі қаласы Тараз аймағындағы күллі әлемді аузына қаратқан таңғажайып құбылысқа ие көлді өз көзіңізбен көруге мүмкіндігіңіз бар. Түн ортасында естілетін жан түршіктірер дыбыстар сізді бей-жай қалдырмасы анық.
Суреттер: fuza.ru, newfresh.name

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

http://massaget.kz

 

Рубрика: