АЛТЫНОРДА
Новости

КО кәсіпкерлері сауда нарығындағы бәсекелестік жағдайын талқылайды

Астана. 7 сәуір. Baq.kz – Қазақстан, Беларусь және Ресейдің бизнес-ұйым өкілдері «Сауда нарығындағы химиялық өнеркәсіп және темір жол мен әуетасымалдау өнімдерінің құқықтық аспектілері мен бәсекелестік жағдайы» дөңгелек үстелі аясынды Бірыңғай экономикалық кеңістік пен Кедендік одақ аймағындағы бәсекелестік жағдайын талқылайды.

Дөңгелек үстелде сауда нарықтарына Бірыңғай экономикалық кеңістік пен Кедендік одақ аймағында химиялық өнеркәсіп және темір жол мен әуетасымалдау өнімдерінің әр түрлі жолмен жеткізілуі қарастырылады, деп ҰКП ресми порталы хабарлады.
Аталмыш шараға ҚР ҰКП өкілдері, мемлекеттік органдар, ҚР, Беларусь, РФ бизнес-ұйым өкілдері қатысады деп жоспарлануда.
Шара Еуразиялық экономикалық комиссия мен ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің қолдауымен 14-15 мамыр аралығында өтеді.

http://baq.kz/kk/news/45494