Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтонмен оның зайыбы Хиллари Ақ үйден ешбір байлықсыз, есесіне, қарызданып көшуіне тура келді, — деп хабарлайды tengrinews.kz.

Мұндай мәліметті Хиллари Клинтонның өзі жергілікті телеарнаның біріне берген эксклюзивті сұхбатында айтқан. «Біз Ақ үйден қандай да бір қаражат жинақтауды былай қойып, керісінше қарызданып шықтық. Алғаш ол жерге көшіп барғанымызда ешқандай артық ақшамыз болған жоқ. Ал сонда тұрғанда бар күш-жігерімізді Челсидің (саясаткерлердің қызы) оқуы мен үйдің несиесін жабуға жұмсадық. Бұл бізге оңайға түскен жоқ» — деп ағынан жарылған ол. Айта кетейік, Билл Клинтон 1993 – 2001 жылдар аралығында АҚШ президенті болған еді.

Сонымен қатар, экс-президенттің зайыбы сұхбат барысында тележүргізуші Диана Сойердің ешбір сұрағын жауапсыз қалдырмай, өз отбасындағы қаржылық қиындықтар мен негізгі табыс көздерін де жасырмаған. Ерлі-зайыптылар қазіргі кезде көпшілік алдына шығып сөйлегені үшін алатын қаламақымен күн көретін көрінеді. Ал Хиллари Клинтонның іс-шараларға қатысып, сөйлеу қаламақысының орташа құны 200 мың доллар шамасында екен. Дегенмен, ол мұндай қызметті ол көп ретте тегін көрсететіндігін де атап өткен — Baq.kz.

Дуанабай Жолдасбек

http://www.aikyn.kz/articles/view/51150

Рубрика: