Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Иоганн Генрих фон Тюнен атындағы неміс биоәртүрлілік институтының қызметкерлері 1999 жылдан бері ерекше ғылыми тәжірибе жүргізіп келеді. 

Олар  көмір қышқыл газын беретін арнайы қондырғының арқасында ғалымдар зерттеу жүргізілген бидай алқабындағы ауада көміртек диоксидін 50 пайызға дейін арттыруға қол жеткізіп отыр. Осылайша, Die Welt неміс басылымының жазуынша, ғалымдар 21-ғасырдың соңында болатын экологиялық жағдайларды модельдей алып отыр, деп хабарлады inopressa.ru.

Тәжірибенің нәтижесі бидай өндірушілер үшін ешқандай жақсы жаңалық күттіріп отырған жоқ. Зерттеу алаңында өсірілген бидай ұнында протеиндер 5-10 пайызға аз, сонымен бірге ақуыз құрамы да айтарлықтай өзгеше. Протеиндер қамырдың жабысқақтық қасиетінің негізін қалайды, сондықтан болашақтағы нан бұрынғыға қарағанда көп үгіледі. Ол ақыр аяғында оның дәміне де әсер етеді. Орташа алғанда, зерттеу жетекшісі Реми Мандершайданың сөзіне қарағанда, піскен нанның сапасы егер протеиндер саны 10 пайызға азайса, 20 пайызға төмендейді.

Ал, америкалық ғалымдар одан да жаман болжам жасап отыр. Гарвард университетіндегі Самуэль Майерс  бастаған ғалымдар Британияның танымал Nature басылымында жарияланған мәліметтеріне сәйкес, ауада көмір қышқыл газының артуы өсімдіктердегі маңызды микроэлементтердің азаюына әкеледі. Яғни, 2050 жылға қарай, бидайда цинк 10 пайызға, темір 5 пайызға кемиді, деп болжанады- ҚазАқпарат.

Дуанабай Жолдасбек

http://aikyn.kz/articles/view/51913

Рубрика: