Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Бүгінгідей тіліміздің тағдырын ойлауға мұрша алып берген егемендігіміз екеніне шүбә келтірмейміз. Шүкір айтамыз. «тілі өлген ұлт, тірі өлген ұлт» деген екен қазақ. Қай мемлекет болмасын оның тұтқасын ұстап отырған ұлттың тілі сол мемлекеттің бой тұмары. Рас, біз өз бойтұмарымызды жоғалтып алған елміз. Тәубе, тәубе, іздеу салып жатқанымызға міне 20 жылдың жүзі болды. Иә, іздеу салып келеміз, бірақ түгелімен табыла қоятын түрі әлі байқалмайды. Не үшін? Әркімді де ойландыратын сұрақ. Мемлекет қаржы бөФліп отыр, зиялылар «сөйлеңдер» деп күнде көк жашіктен айхай салып,зар жақ болып барады. Осыншама еңбек далаға кетіп жатқаны несі.

Далаға кетті дейтінім қай тіл болмасын, өзге тілдермен аралас-құралас болатыны шындық. Осы күнгі сөйлеп жүрген тілімізді 15 ғасырдағы қазақтар келіп естісе мүлде түсінбей қалар еді. Себебі біз өз маңайымыздағы тілдермен араласып тілдік қорымызды дамыттық. Көптеген кірме сөздер енді. Ал орыспен «ауыз жаласқаннан» бері біздің кірме сөздердің тілімізге кіре алмай келе жатқаны ашық дүние. Біз орыстан да бұрын араб, парсы, шағатай секілді тілдердің ықпалында  болдық. Бірақ сол елдерден біздің тілімізге енген кірме сөздер, тіліміздің жүйесіне еш қиындықсыз бағынып, бірден еніп кетіп отырды.

Ал, орыс тілінен енген сөздер не себепті ене алмай жүр? Неліктен орыстың айтқанын дәл қалпында бұзбай тілімізге енгіземіз. Мысалы арабтан енген сөздерді алатын болсақ: кітап (араб нұсқасы-китаб) қалам (кәламу)  тағы осындайлар. Бұл сөздер бізге кірмес бұрын түп оқылу дыбысы бар еді. Бірақ біз оны дәл араб тілінің дыбысталуымен емес, қазақ тілінің жүйесімен қабылдадық. Бүгінге дейін сол дыбыспен айтып келе жатырмыз. Китаб немес кәламу деген бір қазақты кезіктірген емеспін осы күнге дейін. Ал орыс тілінен енген сөздер біздің жүйемізді мүлде бұзды. Айтар болсақ социалис, демократия, революция, тағы тағы, тізбелей берсек орыстан енген кірме сөздер (негізінде тілімізге кіре алмай жүрген сөздер) өте көп.

Ал орыстың өз грамматикасында кірме сөз жайлы мынадай түсініктеме берілген екен:

«В руском языке есть немного слов, которые пришли к нам из других язиков. В кождом языке есть такие слова. И это неудивительно!  Народи всех стран постоянно общаются друг с другом. И часта бывает так, что вместе с каким – нибудь предметом из-за границы приходит и слова. Придет да и останется навсегда. Есть такие слова- при шельци и в руском языке. Вот, на пример, хорошо вам знакомое слова газета пришло из Италии, тетрадь – из Греции, пенал – из латинского языка.

Слова – иностранцы приходили к нам из рахных стран и в разное врмея. Так, из Германии пришло много военных слов(фронт, фолт, содат, штурм и др). Франция даланам слова для театра и кино ( экран, балет, сеанс и др.) названия кушаний ( сосиски, батон, салат, лимонад и др.) завания одежды ( польто, костюм, шинель), английский язык дал особенно много спортивных слов (футбол, волейбол, баскетбол, хоккей, теннис, бокс, спорт. Матч, тайм и др.) много пришло к нам и от тюркских народов (Казан, базар, карандаш, барсук, кабан и др.)»

Міне қараңыз. Орыс тілінің сөздік қорында басқасын айтпағанда  түркі тілдестердің сөздері көптеп кезігетіні байқалады.  Бірақ олар түркілер қалай дыбыстаса солай айтып орыс тіліне енгізіп алған жоқ. Қазанды – казан деді. Ал қарындашты – карандаш деді. Қабанды – кабан деді. Өз дыбыстаулары бойынша кірме сөзді өз грамматикаларына орнымен орналастырып алды. Ал біз орыс қалай айтса солай айтуға тырысып жүріп өз әуездігімізден айрылып барамыз. Осы жайлы Ахмет Байтұрсынұлы « біз өз тілімізге енген кірме сөздері тіліміздің дыбыстауы бойынша қабылдайық, ал оған мүмкіндік бермесе түркі тілдерінің дыбыстауы бойынша енгізейік» деген еді. Біз Аханның осы өсиетін бүгінде орындап жүрміз  бе?

Осылай жалғаса берсе бір ғасырға жетпей біздің сөздік қорымыз түгелдей орыс сөздерімен жаңартылады да, орыс қалай айтса солай айтып жүріп өз тілімізден қайтып айрылып қалғанымызды сезбейде қаламыз. Меніңше біз іздеп жүрген, іздеуге тиісті мәселе осы кірме сөздер . Қазақ тіліне термин енгізуге жауапты тұлғалар осы жағын ескерсе екен деймін. Әр кірген сөздің мағынасын табу маңызды емес. Қазақ тіліндегі дыбысталуы маңыздырақ. Осы арқылы біз өз тіліміздің әуездігін сақтасақ бізге қандай да бір тіл кіріп-шығып жүрсе де біздің тілдік жүйемізді еш бұза алмас еді. Қазіргідей орыстың айтқанын папугай сияқты қайталап отырсақ. Бір ғасыр өткен соң қазіргі осы тілімізге зар болып қалуы әбден мүмкін біздің келер ұрпақ.

Латын қарпіне көшуде маңызды ескерелітетін мәселелердің бірі осы болуға тиісті.  Орыстың дыбыстау жүйесінен құтылуымыз керек. Бұл орысша білме деген сөз емес. Орыстың тілін өз дыбыстауы бойынша айнытпай сөйлеу өнер шығар, сол сияқты қазақ тілін де өз дыбыстаулары бойынша айнытпай сөйлеу өнердің үлкені. Еш ұлт та тіл де бір бірінен төмен дәрежеде болмақ емес.

Қабиден Қуанышбайұлы

Ұлт порталы

Рубрика: