АЛТЫНОРДА
Новости

Кипр банктерінде жатқан қазақстандық қаражат қайтарылуы тиіс

Астана. 4 сәуір. Baq.kz — Шетелде жатқан қомақты қаржы елге қайтарылсын! Бүгін Мәжіліс депутаты Азат Перуашев осылай деп Үкіметке сауал жолдады, — деп хабарлайды Астана телеарнасы.

 

Оның айтуынша, Кипр банктерінде қазақстандықтарға тиесілі 1 миллиард еуро жатыр. Ол заңсыз жолмен шығарылған қаржы болса да Қазақстанға қайтарылуы тиіс. Себебі, желге ұшқан қомақты қаражат салынбай қалған мектептер, аурухана мен жолдарға жұмсалғаны абзал.
Ал егер бұл ақша заңды жолмен шетке кеткен болса, онда қаржыдан қағылған кәсіпкерлердің мүддесін қорғау керек. Сондай-ақ, мәжілісмен Сыртқы істер министрлігі мен Үкімет бұл ақпараттан хабардар бола тұра, неге үнсіз отырғандығын түсінбеймін дейді ол.
Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
— Шынында да осындай ақша Кипрде жатыр. Егер олай болса, сол ақшамызды қорғау керек. Бері қарай қайтаруымыз керек. Бұл ақша өз елімізге керек.

Астана телеарнасы