Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

434_3828178624769e30da51ac72ee962641Астана. 11 қыркүйек. Baq.kz – Өткен аптаның аяғында Қорғалжың мемлекеттік табиғи қорығының аумағында киіктердің (ақбөкендердің) бетпақдала популяциясында жаппай қырылу фактісі тіркелген болатын. Қазіргі таңда осынау оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында арнайы тексеру тобы құрылды деп хабарлайды ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

«Жерден және әуеден жасалған есептеу жұмыстарының қорытындысында анықталып нақтыланған мәліметтер бойынша, барлығы 493 бас бөкен қырылған. Тексеру өткізілген аумақта басқа әлсіреген немесе дертке шалдыққан киіктер табылған жоқ» делінген хабарламада.

Ақбөкендердің қырылу себептерін анықтау мақсатында қоршаған ортаны қорғау, ауыл шаруашылығы, ішкі істер, білім және ғылым министрліктерінің өкілдерінен құралған жұмыс тобы құрылды. 8 қыркүйек күні жұмыс тобының мүшелері Қорғалжың мемлекеттік табиғи қорығының аумағына барып, жергілікті атқарушы органдар өкілдері мен жауапты мекемелердің мамандарымен бірлесе отырып, оқиғаның себеп-салдарын анықтау жұмыстарына кірісті.

Қырылған жануарлардың биологиялық және патологиялық материалдары, су, топырақ, өсімдіктер, жәндіктер, сондай-ақ, зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да үлгілер алынды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, киіктердің қырылу себебі пастереллез ауруы болуы мүмкін.

Өлі жануарларды тұтастай жою шаралары қолға алынды.

Ақбөкендердің бетпақдалалық, оралдық және үстірттік популяциларындағы жануарлардың ахуалы бақылауға алынып, үздіксіз мониторинг жүргізілуде.

2013 жылы өткізілген есептеулер қорытындылары бойынша елімізді мекендейтін ақбөкендердің жалпы саны 187 мың басқа жетіп, 2012 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда (137,5 мың жануар) 36 пайызға өсті.

Киіктердің бұл түрінің табиғи мекені Қазақстан, Ресей және Моңғолия аумақтарын қамтиды. Қазақстанды мекендейтін ақбөкендер бұл жануардың әлемдік популяциясының 90 пайызын құрайды.

Астана. 11 қыркүйек. Baq.kz – Өткен аптаның аяғында Қорғалжың мемлекеттік табиғи қорығының аумағында киіктердің (ақбөкендердің) бетпақдала популяциясында жаппай қырылу фактісі тіркелген болатын. Қазіргі таңда осынау оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында арнайы тексеру тобы құрылды деп хабарлайды ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Рубрика: