Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

DE980C91-6460-4CDE-A74B-5D05EBD81CC4_w308_r1Киевтегі Тәуелсіздік алаңына он мыңдаған адам тағы да жиналды. Олар Еуропа Одағымен ынтымақтастық туралы келісімге дайындықтан бас тартқан үкімет шешіміне және қарсылық шеруіне қатысушыларға милицияның күш қолдануына наразылық білдіріп тұр.

Жеті жылға сотталған бұрынғы премьер-министр Юлия Тимошенконың түрмеден жазған мәлімдемесін көпшілікке оның қызы оқып берді. Оппозицияны билікпен келіссөздерге бармауға шақырған Тимошенко «мақсат – заңды мәртебесін жоғалтқан президент Виктор Януковичті биліктен кетіру» екенін айтқан.

Оппозиция егер екі күн ішінде Николай Азаровтың үкіметін отставкаға жібермесе, президент резиденциясына бөгет орнататындарын ескертті деп хабарлады «Украинская правда».

«Интерфакс» агенттінің хабарлауынша, шеруге қатысушылар үкімет үйі маңында баррикадалар орнатуға кіріскен.

Еуроодақпен интеграцияны жақтайтындар бүгін Львов қаласында да «халық жиынын» («вече») өткізгелі отыр. Осыған байланысты милиция қаладағы Азаттық даңғылында күзетті күшейткен.

Сонымен бірге бүгін Киевте президент Виктор Януковичтің «Аймақтар партиясын» қолдайтын бірнеше мың адам кезекті митингке жиналған.

21 қарашада Украина үкіметі Еуроодақпен келісімге дайындықты тоқтату туралы шешімін жария еткен соң елде билікке қарсы жаппай шерулербасталған еді.

 

http://www.azattyq.org

Рубрика: