Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

pozhar00_1_650x410Украина ішкі істер министрі Арсен Аваков бүгін Киевке жақын Васильков каласындағы жанармай сақтау қоймасында қуатты жарылыстан шыққан өртте екі өрт сөндіруші із-түзсіз жоғалғанын хабарлады.

Киевтен 30 километр қашықтықтағы Васильков қаласындағы жанармай қоймасында болған өрттен 16 резервуар өртенген. Аваковтың сөзінше, бұған дейін мерт болды деп саналған бірнеше өрт сөндіруші өрт болған аумақтан аман-есен шығарылған. Өрттен бес жұмысшы зардап шеккен.

Әуелде 8 маусым күні кешке бір резервуарда тұтанған өрт басқа сегіз резервуарға көшкен. Бұл резервуарлардың сыйымдылығы 900 текше метрді құрайды.

Полицияның мәліметінше, өрт техникалық ақаудан шыққан болуы мүмкін, бірақ өрттің нақты себебі әзірге белгісіз.

Өртті сөндіруге 300-ден астам өрт сөндіруші жұмылдырылған.

http://www.azattyq.org/

Рубрика: