АЛТЫНОРДА
Новости

Киев өртке оранды (ФОТО)

Астана. 19 ақпан. Baq.kz – Кеше түнде Киевтегі кәсіподақтар ғимараты өртке оранып, өрт сөндірушілер 30 адамды құтқарды.  

Өрт сөндірушілер жетемін дегенше көпқабатты ғимарат түгелдей дерлік қызыл жалынға оранған. Жоғарғы қабатта болған мекеме қызметкерлері сыртқа шығып үлгермепті.
«Жергілікті уақытпен түнгі 3.00-де (Астана уақытымен 7.00) ғимараттың 3-9 қабаттарында болған 30 адам құтқарылды. Алайда, ғимаратта тағы адамдар болуы мүмкін. Оларды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр» делінген елдің төтенше жағдайлар министрлігіндегілер.
Қазіргі таңда оқиға орнында 14 техника мен 80 құтқарушы жұмыс істеп жатыр.
Айта кетейік, жаппай тәртіпсіздіктер Украина астанасында кеше кешкісін басталған болатын. Суық қаруланған көтерілісшілер қаладағы бірнеше ғимаратты басып алып, біразын өртеп жіберген. Киев көшелерінде автокөліктер өртеніп жатыр. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, 300-ден астам адам жараланып, жиырмаға жуығы қайтыс болды. Олардың қатарында 7 полиция қызметкері бар.

 

 

 

 

http://baq.kz/kk