Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

172471b469a010c2db271e6e2189a927Жаңа телевизиялық маусымда «Хабар» агенттігі өз көрермендерін төл телехикаяларымен қуантпақ. Ал қазір сан алуан түсірілім алаңдарында жаңа режиссерлер, сценаристер, актерлер жұмыс істеп жатыр…

«Хабар» және «Ел арна» телеарналары осы жылы бірнеше жаңа телехикаялардың тұсауын кеседі. «Ел арна» теленовеллалары жайлы бірер сөз.

 

«Тракторшының махаббаты» («Ел арна»)

«Тракторшының махаббаты» телехикаясының сценарийін «Махаббат және көгершіндер» мен «Қыздар» атты фильмдерге негіздей отырып, Данияр Күміс­баев пен Асқар Ұзабаев жазған. Бас продюсері – Баян Есен­таева.
Басты рөл «КешYOU» тобы­ның әншісі Кәмшат Жолдыбаева мен «Ликвидатор», «Махамбеттің қылышы» атты фильмдерден таныс Берік Айтжановқа бұйыр­ған. Сондай-ақ ауыл әкімінің рөлін Димаш Ахметов сомдаса, оның әйелінің рөлін көпшілікке «Тамаша» арқылы танымал Гүлжан Қалыбаева сомдайды.Сценарий бойынша телехи­кая­ның бас кейіпкері Белла жеке кәсіпкерге тұрмысқа шығуға дайындалып жатады. Алайда ол аяқ астынан есін жоғалтып, тағдырдың жазуымен ауылға келіп, сонда тракторшы жігітке ғашық болып қалады…
«Күн сақшылары» («Ел арна»)
Шытырман оқиғалы мис­тикалық туынды «Күн сақ­шылары» деп аталады. 16 се­риядан тұратын туындының кейіпкерлері – өмірден өз орын­дарын таппай жүрген жас заман­дастар. Ауыл баласы Арнұрдың арманы – Алматыдай алып қалада жоғары білім алу. Алайда сынақтан сүрінген жеткіншекті тағдыр қаладағы дәмханалардың біріне әкелді. Мұнда ол Әлтемір, Томирис, Жұлдыз есімді заман­дастарымен танысады. Аңғал ауыл баласы мен әке дәулетімен өмір сүріп жатқан жігіттің тіл та­бысуы екіталай. Дегенмен оларға ортақ қасиет – өз еңбектерімен табыс тауып, дербес өмір сүруге деген ұмтылыс.
Жоба авторлары – продюсер Ахат Ибраев пен режиссер Сан­жар Сұлтанов елімізде бұрын-соңды болмаған заманауи, шы­тыр­ман оқиғаға толы жоба жа­самақ ниетте.

 

 

 

«Ұзақ жол» («Ел арна»)
Ауылда өскен ғашықтар Амантай мен Жанар арман қуып, Алматыға келеді. Алайда олар үшін асау ағысты қала өміріне бейімделу оңай емес. Қым-қуат тірлік иіріміне түскен жастар бір-бірінен көз жазып қалады. Сериалдың екінші бір желісіне кәсіпкерлер Мәдина мен Мұ­саның тағдыры арқау болған. Олар­дың қылмыс пен қайғыға астасқан өмірі де шытырман оқиғалар мен қайшылықтарға толы.
Фильмнің продюсерлері – белгілі режиссер Абай Қарпықов пен оның ұлы Әлмири. «Туын­дының басты артықшылығы – оқиға желісі қазақстандықтар­дың шынайы өміріне барынша ұқсас» дейді авторлар. Әрбір көрермен кейіпкерлердің тағ­дырынан өз өмірімен астарлас тұс­тар таба алады.

Әйгерім БАҚЫТҚЫЗЫ

 

Айкын

 

Рубрика: