Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Кеше Жер планетасының қасынан 17 метрлік 2013 EA астероиды 362 мың километр қашықтықтан ұшып өтті.

Айта кетелік, алып тасты Гавай аралдарында орналасқан Pan-STARRS обсерваториясының мамандары 1 наурыз күні алғаш байқаған болатын. Көп ұзамай астероидқа 2013 EA атауы берілген еді.

Қазіргі кезде ғалымдар Күн жүйесінен 100 мыңнан астам астероид тауып үлгерді. Осы орайда Жерге тым жақын келуі мүмкін деп есептелген аспан денелері үздіксіз бақылауға алынғандығын да айта кетелік. Бұндай денелер Жермен соқтығысқан жағдайда жер сілкінісі, цунами, өрт секілді глобалды апаттар орын алуы мүмкін. Ғалымдардың пікірінше, Жер бетінде орын алған бұған дейінгі барлық апаттар осы астероидтардың себебінен орын алған.

NASA-ның есептеулеріне сүйенсек, қазіргі таңда ғылымға Жерге қауіп төндіруі мүмкін объектілердің тек 10 пайызы ғана белгілі.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: mygazeta.com

 

http://massaget.kz/tehno/sholu/8802

Рубрика: