АЛТЫНОРДА
Новости

Керри Иран келіссөзін араб елдерімен талқылайды

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри бүгін Сауд Арабиясында Парсы шығанағы елдері басшылығымен Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөз жайын талқылайды. Керри Эр-Риядқа наурыздың 4-і кешке, Швейцарияның Монтре қаласында Иран сыртқы істер министрімен үш күнгі келіссөзден кейін бірден барған.

Иран мен әлемдік алты держава — АҚШ, Қытай, Германия, Ресей, Ұлыбритания және Франция Иранның ядролық бағдарламасын шектеуге қатысты келіссөз өткізіп жатыр. Таяуда Вашингтон Тегеранға ядролық бағдарламасынан кемінде он жылға бас тартуды ұсынып, есесіне Иранға салынған экономикалық санкцияларды жеңілдетуді қарастыратынын айтқан.

Израиль мен Таяу Шығыстағы сүнниттік араб мемлекеттері шииттік Иран ядролық қару жасауға және сол арқылы Таяу Шығыстағы ықпалын арттыруға ұмтылады деп күдіктенеді.

Бірақ Иран өз ядролық бағдарламасы тек бейбіт мақсатты көздейтінін айтады.

http://www.azattyq.org/archive/news/20150305/330/330.html?id=26883325