АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Кері кеткен КЕЛІМБЕТОВ!

55005f0236f1dc534955a69a97e08570Дәл осы Ұлттық теңгеміздің аяқ астынан құнсызданатынынан бірнеше күн бұрын осы кері кеткен Келімбетов «ұлттық теңгеміз құнсызданбайды…» деп, жар салған болатын. Бір-ақ күннің ішінде Доллар шарықтап, ұлттық теңгеміз құнсызданып шыға келгенде, осы кері кеткен Келімбетов: «мен де білмей қалдым…» деп өтірікті зу еткізді!
Оның онысына кім сенеді? Итім де сенбейді!
Не қара басыпты, қолында тұрған банкті білмей! Өтірік айтады!
Осы кері кеткен Келімбетов өзінің әйгілі « мен де білмей қалдымымен…» қанша алаяқты миллиардер жасады екен? Айтқыш болса, соны айтсын?
Бүгінге дейін Қазақстаннан ұрланған қаржы 145 миллиард АҚШ долларынан асып жығылады. Және біздің мемлкетіміз — сырт елдерге осыншама доллар қарыз. Ана қолды болған 145 миллиард АҚШ долларында осы кері кеткен Келімбетовтың үлесі жоқ дегенге кім сенеді? Сенбейді!!!
Біздің мемлекетімізді дінсіз, тілсіз, тексіз, бөтен тілде шүлдірлегіш кілең ұры-қарылар билеп отырғаны жөнінде аз жазылған жоқ!
Ол орысқұлдарға Қазақтың керегі жоқ! Бірі өліп, бірі қалсын! Тек, ана орысқұлдардың ұрлаған-жырлағандары аман болсын!
Бүгінде елдегі Қазақтың 90 пайызы әртүрлі деңгейдегі банктерге қарыз! Және негізінен ұлттық теңгемен емес, АҚШ долларымен қарыз!
Сол елдегі ана орысқұлдарша айтатын болсақ, сол «қой қазақтарымыз» енді қалай күн көрмек?
Жалғыз, елдегі Қазақтар ғана ма екен? Қалалардағы барлық Қазақ банктерге берешек!
Үйсіз-күйсіз, жұмыссыз қаңғып жүрген Қазақ!
Атамекеніне келетін көші тоқтап қалған Қазақ!
Тілі, діні, аяқасты етілген Қазақ!
Қайтадан орекеңдерге құл болатын Қазақ!
Барлық келімсек ұлттарға құл болып, көзінің сорасы аққан Қазақ!

Мына кері кеткен Келімбетов — сол Қазақты тағы да сорлатып тынды!
Анада мен, осы кері кеткен Келімбетовты Ресей баспасөзі берген бір сұқбатындағы: «әкем дұрыс айтқан екен…» дегені үшін риза болып кетіп, «Келімбетов: «әкем дұрыс айтқан екен…» деп Дұрыс айтқан екен!» деген мақала жазғаным бар еді. Енді сондағы айтқандарымды — толығымен кері қайтарып алдым!
Сонымен кері кеткен Келімбетов Қазақты сорлатты!
«Мың асқанға, бір тосқан». Бұл да қашанғы алшаңдар дейсің? Ұлттың зауалы бұл орысқұлдарға да бір келер деп сенемін!..

Жұмаш КӨКБӨРІ

http://masa.kz/