Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Астана. 24 желтоқсан. Baq.kz – Араб жастары жайында келеке видео түсірген американдық азаматты Абу-Даби соты 1 жылға бас бостандығынан айырды деп хабарлайды The National.

Шизанн Кассим БАӘ-нің беделіне нұқсан келтіргені үшін айыпты деп танылды. Енді 29 жастағы азамат абақтыда жазасын өтеумен қатар 10 мың дирхам (2700 доллар) көлемінде айыппұл төлеуі тиіс. Мерзімі аяқталған соң ол өз отанына депортацияланады.
Кассиммен бірге осы бейнероликте жасауға қатысқан тағы бес адамды да сот айыпты деп тапты. Олар да 8 айдан 1 жылға дейінгі уақыттарын БАӘ түрмелерінің бірінде өткізеді.
Айта кетейік, Шизанн Кассим биылғы жылдың сәуір айында қамауға алынған болатын. Ол 2012 жылы БАӘ-нің жастарын мазақ ететін бейнеролик әзірлеп шығарған. Онда Дубай арабтарының қалай қылмыстық топ құрып, жаттығу жасағандары көрсетілген.

http://baq.kz/kk/news/41363

Рубрика: