Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Қазақстан, Ресей және Белоруссия мемлекеттерінің арасында құрылған Кеден Одағы үш мемлекет экономикасының серпін алып, дамуына негіз болды. Экономикалық дағдарыстың белең алу жағдайына қарамастан сауда-саттық, кәсіпкерлік аясындағы ынтамақтастық өз нәтижесін беруде. 2013 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасы 24,3 млрд. АҚШ долларын құраған. Бұл 2010 жылғы жағдаймен салыстырғанда 29 пайызға көбірек. Кеден Одағының бір нәтижелі тұсын осы сандардан-ақ байқауға болады.

Кеден Одағы аясында үш мемлекеттің арасындағы тауар айналым көрсеткіші 2013 жылы 24,3 пайызға жетсе, экспорт 5,9 пайыз, ал импорт 43,7 пайызды құрады. Қазақстанға өңделген аралық тұтыну тауарлары 7,5 млрд.АҚШ доллары көлемінде әкелінуде. Сонымен қатар, импорт тауарлардың өсімі 76,7 пайызды құрағаны байқалып отыр. Бұл да, сөзсіз, импорт пен экспорт көрсеткіштерінің динамикалық түрде ұлғайып келе жатқанын аңғартады. Өңделген импорттық тауарлардың құрылымына зер салатын болсақ, тұтыну импорт тауарлары — 36 пайыз (мұнай өнімдері, жеңіл көлік, шоколад, ұннан жасалатын өнімдер, кондитерлік өнімдер, жуу құралдары, жиһах және оның бөлшектері), аралық тұтыну тауарлары 51 пайыз (құбырлар және темірден жасалатын өзге де заттар, дөңгелектер, және т.б.), өнімдер құралдар импорты – 14% (жүк көлігі, трактор, арнайы көлік, теміржол вагондары, ауылшаруашылық саласына арналған машиналар мен механизмдер).

Кеден Одағы аясында отандық экспорт көрсеткішінің артқаны да сөзсіз. Салыстырмалы түрде алатын болсақ, 2013 жылы экспорттың жалпы көлемі 5,9 млрд.АҚШ долларын құрады. Бұл 2010 жылғы жағдаймен салыстырғанда 3,3 пайызға төмен болып отыр, өйткені экспортқа жіберілетін шикізат өнімдері 12,9 пайызға, ал аралық тауар өнімдері 13 пайызға азайды. Бұл көрсеткіштер алдағы уақытта да осындай қарқынмен дамып, өсе беретін болады. Өйткені мемлекеттер арасындағы тауарайналым мөлшері ұлғайған сайын, прогрессивті даму да мол болмақ. Бұл үш ел арасындағы тиімді экономикалық жобаның нақты көрсеткіштерінің бірі.

Әлемдік қаржылық дағдарыс қаупі әлі де сақталуда. Бұл мемлекеттер экономикасына өзінің теріс әсерін бермей қоймасы анық.Дағдарыстың алдын алу, қажетті шаралар қолдану – Кеден Одағы аясында да кеңінен қарастырылған. Ал оның тиімді жолы отандық кәсіпкерлікті дамыту және серпін беру. Кәсіпкерлік – ұлттық экономиканың қуатты күші. Бұл салаға тиісті көңіл бөлу – мемлекет үшін пайдасы мол. Кеден Одағы құрылғанға дейін кәсіпкерлердің сыртқы нарыққа шығу мүмкіндігі бүгінгідей емес еді. Тауарларға салынатын БАЖ салығы, шекарадан өткен кездегі өзге де шектеулер, толтырылуы тиіс сансыз құжаттар – әр елдегі кәсіпкерлер айтарлықтай қиыншылықтар келтіретін. Ал бүгінгі таңда Кеден Одағының келісімшарты бойынша, үш елдің кәсіпкерлері өздерінің нарығында ғана емес, Кеден Одағы мүше мемлекеттерінің нарығын да еркін әрі тиімді игеруде деп айтуымызға негіз мол.

Кеден Одағының тиімділігі – ұлттық экономикамызға инвестивиялардың көп келуімен де байланысты. Мәселен, Германия мемлекетінің «Функе» компаниясы Астана қаласындағы әйнек шығару өндірісін 24 млн.евро бөліп инвестицияласа, компания өнімінің 60 пайыз Ресей Федерациясына экспортталады.

«Казагрофинанс» Қазақстандық акционерлік қоғам мен «Ростсельмаш» ресейлік компанияларының бірлескен іс-қимылдарының арқасында «Vector 410 KZ» маркалы комбайын құрау зауыты құрылды. Бұл зауыт Ақмола облысындағы «Вектор» Комбайындық зауыт» ЖШС базасында құрылды. Қазақстан мен Ресей мемлекетінің «МХК ЕвроХим» ААҚ арасында Жамбыл облысы Қаратау қаласында «Кешенді минералды тыңайтқыштар шығару және фосфорит өнімдерін шығаратын зауыт» жобасын қолға алды. Жобаның жалпы құны 356,5 млрд.теңгені құрайды. Үш мемлекет арасындағы мұндай жобалардың қарқынды жүзеге асырылып келе жатқанын айтуға тиіспіз. Өнім түрлерін бірлесе өндіру, шикізат өңдеу салаларын дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу, қажетті салаларға инвестиция салу сынды жұмыстар мемлекеттер арасындағы тиімді әріптестіктің нығайып келе жатқанын көрсетеді. Қазақстан, Ресей және Белоруссия экономикалыран тың серпін беруге арналған Одақтың тимділігі туралы Ресей Федерациясының Премьер-Министрі Дмитрий Медведев үш мемлекетінің Үкімет мүшелерінің жақында ғана болған кездесуінде былай деді: «Кеден Одағы аясында қатысушы-мүше мемлекеттердің арасындағы сауда-саттықта орын алған кедергілер айтарлықтай азайды. Мұның барлығы қаржы дағдарысының салдарын жұмсартуға көмегін тигізеді». Д.Медведевтің айтуынша, өткен жыллдың нәтижесі бойынша Кеден Одақтың тауарайналымы 64 миллиард доллардан асқанын атап өтіп, мұның барылғы өте маңызды сандар деді Д.Медведев. Ол, сондай-ақ өз сөзінде мемлекеттердің кәсіпкерлеріне таңдау еркі кеңейгенін де атап өтті.

Қазақстандық кәсіпкер Арман Байқадам Кеден Одағы аясында отандық өндіріс саласына, сонымен қатар шағын және орта бизнестің жұмысына өз тиімділігін бергенін айтады. «Кеден Одағы еліміз үшін мүмкіндігі мол нарық болары анық. Жалпы кез келген экономикалық ұйымның мақсаты біреу ғана – ортақ нарық жасау. Негізгі үш принциптері бар. Бірінші, ортақ нарықта капиталдың кедергісіз айналымын қамтамасыз ету. Екінші, тауарлардың, өнімдердің ортақ нарық шеңберінде шекарадан кедергісіз өту. Үшінші, еңбек күшінің, яғни адамдардың ортақ нарық аясында азаматтығына қарамастан, еркін жұмысқа орналасу жеңілдігі» дейді А.Байқадам. Міне, мұндай маңызды мәселелердің шешілуіне Қазақстан, Ресей және Белоруссия арасында құрылған Кеден Одағы өз септігін тигізуде.

Қысқаша айтқанда, әлемде түрлі бағытта дамытылып жатқан экономикалық жобалар көп. Ал көршілес елдермен экономикалық байланыстарды нығайтудың мәні тіпті ерекше. Олай болса, Кеден Одағы аясында жүзеге асырылып жатқан іс-шаралар мемлекеттердің нарық саласындағы бәскелестікке қабілеттілігін арттыратыны сөзсіз.

 

Рауан Байғалы 

 http://baq.kz/kk/news/46003

Рубрика: