Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

1003660697Мәскеуде ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов пен Ресейдің әскери ведомствосының басшысы Сергей Шойбу жалға берілген әскери сынақ полигондар аумағының бір бөлігін қайтару туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің сайтында хабарланған.
«Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасымен Ресейге жалға берілген әскери сынақ полигондары өткізілетін жерлердің бір бөлігін қайтару туралы келісімшарт әзірленді. Сонымен қатар аталған нысандарды жалға алу және пайдалану тәртібі туралы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы келісімшартқа өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Осыған орай, полигондардың координаттары өзгертіліп, ол өз кезегінде полигон аумағының қысқаруына негіз болды», делінген хабарламада.
Бұл шешім Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделеріне байланысты қабылданды. Осылайша, «Тайсойған», «Жамантау» және «Сарышаған» жер телімдері халық шаруашылығы игілігіне қайтарылды, олар енді мұнай-газ секторына, тұрғын үй құрылысына, темір және көлік жолдарын салуға және басқа қажеттіліктерге пайдаланылатын болады.

http://zhebe.com/i

Рубрика: