Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

3.bp.blogspot.comҚазақстанның ұлттық географиялық қоғамының бастамасымен қазақтың генетикалық кодын зерттеп, қанында қанша ұлттың қаны бар екені анықталады, деп хабарлайды «Алаш айнасы».

Қазірдің өзінде Назарбаев университетінде осы іспетті зерттеулер жүріп жатыр. Оған кез келген адам барып, өзінің генетикалық тұқымын біле алады. «Біз аталған жобаның командасымен сөйлесіп, Ұлытауға шақырдық. Бірақ сол кезде олар басқа бір мақсаттарды көздеді. Ал зерттеулері мүлдем басқа бағытта жүргізілді. Олар Қазақстанның батыс аймақтарын аралап, генетикалық материал жинап жүрді. Дегенмен, бұл топ алдағы уақытта Ұлытауға да барып, сол жерден зерттеу материалдарын алуға келісті. Біз осындай бастама көтеріп отырмыз. Қазақстанның ұлттық географиялық қоғамының съезінде де біз аталған жобаны ресми түрде жариялаймыз. Негізгі мақсат – қазақтың генофонын ашып көрсету. Енді, бұл өте ауыр медициналық жұмыс қой. Ондайда қан, сілекей, шаш сынама ретінде алынып, адамның ДНК-сы анықталады. Сосын биологтар мен микробиологтар өз жұмысына кіріседі. Біз қазақтың генетикалық құрамын анықтауды көздейміз. Оның қанында қандай ұлттар бар? Осыны анықтаудың арқасында Қазақстанның Еуразия құрлығындағы орны, халықтың қалайша аралас-құралас болғанын айқындауға мүмкіндік бар. Қазір барлық адамдар бір-біріне туыс дейді ғой. Дегенмен, біз үшін нақты қай ұлттың бізге туыс болып келетіні қызық болып тұр. Былайша айтқанда, біз қазақ халқының генетикалық байланыстары анықтаймыз», — дейді Қазақстанның ұлттық географиялық қоғамының өкілдері. Олардың айтуынша, аталған жобаның нақты нәтижелері келесі жылдың аяғында шығарылуы әбден мүмкі.

Автор: Арман АСҚАР

Толығырақ: http://alashainasy.kz/society/kazaktyin-kanyinda-neshe-ulttyin-kanyi-bar-58256/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі

Рубрика: