Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

434_816fa383f32a8822cae165def0c8ae9eАстана. 19 тамыз. Baq.kz-Негізінен қазақтарды шоқындыру жоспары іс жүзінде 1868 жылдан бастап нақтыланып, 1892, 1898, 1902 жылдары кезең-кезеңімен іске асыратын бағдарлама жасалды. Аталмыш құжатта: “Бұратаналарға бұдан кейін өмір сүретін жол қалмауы керек. Жер бөлісі барысында олардың біразы көрге кіреді, екінші тобы христиан дінін қабылдап, орысқа айналады, көнбегендері тұқымы қалмай құриды…» деп, атап көрсеткен.

Біз мына жайтты естен шығармауға тиіспіз. Отарлаушылар қазақты оқытуға құмар болған жоқ. Оқу-ағарту жүйесінің барлығы қазақты тәуелді етуге және діні мен тілін өзгертуге бағытталды. Әйгілі В.В.Бартольдтің өзі түземдіктердің жер бетінен жойылып кетуін тілеп: “Түземдіктерге олардың өз тілінде ғылыми мағлұматтарды тым көп бермеу керек, олардың әдебиеті мен мәдениетін орнықтыра дамытуға жағдай жасамау қажет, мұның барлығы олардың орыстануына кесірін тигізеді”, дейді.

Сол сияқты қазақтан шыққан оқымысты Шоқан Уәлиханов өзінің «Далалық мұсылмандық туралы» мақаласында: «…татар молдаларының ықпалымен біздің халық жалпы мұсылмандықты кеңінен қабылдап жатыр. Еуропа өркениетіне қол жеткізбесе қырғыз (қазақ) халқының жойылып кету қауіпі тұр. Соңғы кездері Сібір басшылығы ислам дініне қатысты қателіктерге ұрына бастады. Шоқынған қазақтардың Даладан кетуінің қазақ халқы үшін еш әсері жоқ. Біздің қолымызда қанша қазақ христиандықты қабылдағаны жайлы дерек жоқ. Ал, олардың саны біз ойлағандай аз емес. Кейбір казак станицаларында тең жартысы шоқынған қазақтар тұрады, мысалы, «Ямышевкада»…» дейді.

Бірақ Шоқан айтқандай қазақ даласында мұсылмандықтың орнығуына татар молдаларының әсері бар да шығар. Дейтұрғанмен арнайы жарлықпен тағайындалған «указный» молдалардың бір міндеті қазақтар арасында тыңшылық жасау болған. Саяхатшы-барлаушы Семенов Тянь-Шанский өзінің естелік жолжазбасында: «Қытайдан өтіп келе жатқан жолда Зайсан қаласындағы татар молдадан жергілікті атқамінерлер мен қазақтардың пікірі туралы мәлімет жазылған құпия хатты алдым» дейді.

(жалғасы бар)
Төлеген ЖӘКІТАЙҰЛЫ
Бак. кз

Рубрика: