АЛТЫНОРДА
Новости

Қазақстанның өз «Голливуды» болады

АСТАНА. 3 мамыр. Baq.kz — Қазақстанның өз  «Голливуды» болады. «Kazakhwood» жобасы Голливудтың жергілікті аналогы болмақ.  Бұл туралы продюсер әрі режиссер Бақыт Аупбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.

Аупбаевтың  айтуынша, басты мақсат- қазақстандық контентті шетелдіктерге «Kazakhwood» бренді атауымен саудалау. Контенттің құрамына тек кинофильмдер емес, сондай-ақ,  музыка және театрлық қойылымдар да енгізілмек.
«Мәселен, Спилберг фильм түсірді, алайда афишада  Universal Pictures немесе басқа компания деп жазылған. Бірақ, фильмге үгіт-насихат жасайтын компания бұл туындының голливудтікі екенін жазады. Бұл жерде де дәл солай. Айталық, Ақан Сатаев немесе  Баян Есентаева фильм түсірсе, жарнамалық компания ол туындыны «қазақвуд жобасы деп жазуға тиіс»,- дейді продюсер.
Порталдың таратқан ақпараты бойынша, қазір продюссерлік компанияның брендін жасау жоспарлануда.
Әзірге бұл идеяның ресми түрде қолдау тапқаны туралы мәлімет жоқ.