Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

киноАЛМАТЫ. 24 мамыр. Baq.kz — Қазақстанның соңғы жылдардағы табысты режиссерлерінің тізімін жасады. Бұл туралы kinostan.kz мәлімдеп отыр.  

Рейтингтің басында — Ақан Сатаев тұр. Оның қолынан шыққан соңғы екі картина — «Жаужүрек мың бала» мен «Ликвидатор» отандық прокаттан барлығы 400 миллион теңге көлемінде табыс әкелген. Сонымен қатар, аталған фильмдердің DVD сатылымдары өздерінше рекорд жасады: ең көп сатылған отандық киноөнімдер арасында «Жаужүрек мың бала» 2012 жылдың, ал «Ликвидатор» 2011 жылдың үздігі атанды.
Екінші орында — Талғат Теменов. Жерар Депардьенің қатысуымен түсірген «Менің күнәлі періштем» мелодрамасы аса бір үлкен кассалық жетістікке жете алмады. Ол прокаттан 10 миллион теңге шамасында пайда түсірген. Бірақ Сергей Бодровпен, Иван Пассермен бірігіп қойған «Көшпенділер» тарихи боевигі Ресей мен Қазақстан кинонарығынан 300 миллион теңгедей табыс әкелген.
Жасұлан Пошанов — кассалы режиссерлер тізімінің үшінші сатысында. Оның алғашқы жұмысы — «Жел қызы» комедиясы отандық прокаттан 5 миллион теңгеден астам пайда берді. Сондай-ақ, «Ғашық жүрек 2» мелодрамасы өндірушілерге 150 миллион теңгедан астам табыс әкелген.
Ал, «Ғашық жүректің» біріншісін түсіріп, Баян Есентаеваға 150 миллион теңге кіріс кіргізуге себепші болған Асқар Ұзабаев рейтингтің төртінші орнында.
Қайрат Нұртастың өмірін экранға шығарған — Мақсат Оспанов кассалық түсім жөнінен бесінші режиссер. Бес апта бойы көрсетілген оның картинасы 94 миллионнан астам пайда түсірді. «Өкініш» прокатта әлі жүріп жатыр.
2012 жылдың ең үздік көркем фильмін түсірген Ермек Тұрсынов алтыншы орында. Оның «Келін» және «Шал» туындылары прокаттан 83 миллион теңге табыс тапты.
Фархат Шәріповтың әзірге алғашқы режиссерлік жұмысы — «Қызғылт қоян туралы ертегі» («Сказ о розовом зайце») фильмінің кассалық түсімі 80 миллион теңгеден асады. Ол Қазақстанның табысты режиссерлерінің үздік жетілігін аяқтап тұр.

 

kinostan.kz

Рубрика: